05 Маусым, 2017
1175
ЖАСТАР БАЛАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қабылбек Сарымолдаев атындағы балалар үйінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Ақ желкен» жастар лигасының ұйымдастыруымен балаларды қорғау күніне орай ауқымды мерекелік іс-шара өтті.
Балалар үйінің директорының тәрбие ісі жөнінегі орынбасары Гүлзахира Маматалиева қонақтарды күтіп ала, өзінің алғысын білдіріп, бұл күнді балалар жыл сайын асыға күтетін мейрамы екенін айтты. Құттықтап келген әрбір қонақтың өзі олардың тәрбиесінде орын алатынын жеткізді.
«Өмірде балалар мен балалық шақтан асқан маңызды әрі құнды дүние жоқ. Сол үшін де бүгін және жыл сайын, осы жайтты ұмытпау үшін балаларды қорғау күнін атап өтеміз. Балаларымыз батырлар сияқты күн сайын өсіп, рухани дами берсін, себебі олар - еліміздің болашағы!» - деп Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы Зайнуддин Маусеев өз құттықтау сөзінде айтып өтті.
Келген қонақтар, яғни жастар лигасы, шын жүректерімен бар бала жақсы көретін тәттілер мен жемістер беріп, өз ықыластарымен еврей, түрік және өзге де елімізде тұрып жатқан халықтардың қызықты ойындарын ойнатты. Ал сән салонынан арнайы шақырылған шеберлер қыздаға қуана-қуана шаш үлгісін және түрлі-түсті тырнақ бояуларын жақты. Сонымен қатар, Тараз қаласының «Шабыт» шығармашылық тобы сайқымазақ пен өзге де анимациялық кейіпкерлермен ойын-сауық бағдарламасымен балаларды қуантты.
Жамбыл облысы әкім аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті