23 Мамыр, 2017
1061
Жазушымен кездесу
Ағымдағы жылдың 20 мамыры күні Ұйғыр және Панфилов аудандарында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, драматург Ахметжан Ашировпен кездесу өтті.
Ахметжан Ақсупиұлы Аширов - қарымды қаламгер, дарынды жазушы, драматург. Жазушы Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды мақаласын қызу талқылауға бастамашы болып, жақында ғана Алматыдағы мемлекеттік ұйғыр театрының ұжымымен кездесу өткізді. Ал бүгінгі жиын «Рухани жаңғыру» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Алматы облыстық Қазақстан халқы Асамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай төрағалық еткен іс-шараға аудандық Аналар кеңестері, Қоғамдық келісім кеңестері, ардагерлер кеңесі, этномәдени бірлестіктер, ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жиын барысында жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі А.Аширов, Ұйғыр аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Нұров, Ұйғыр аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ж.Қойшыбеков, Ұйғыр аудандық этномәдени бірлестігінің төрағасы М.Жәмин, Панфилов аудандық ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы Д.Насыров, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Панфилов ауданының құрметті азаматы, ақын С.Піскенбаев өз ойларын ортаға салып, Елбасының маңызды мақаласын жан-жақты талқылады.
Қатысушылар Елбасының мақалада айтқан «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру туралы тапсырмасы - Отанға деген шынайы пейіл мен шексіз құрметті айқындайтын айтулы бастама екендігін ерекше атап өтті. Өйткені береке-бірлік, ынтымақ пен татулықтың астарында патриотизм, туған жерге деген жанашырлық, елін сүюдің өнегелі қасиеттері жатыр.
«Байлықтан артық достық бар, достықтан артық байлық жоқ», - дейді халқымыз. Біздің басты байлығымыз, оның ең құндылығы – қоғамдық келісім, елдің бірлігі, татулығы» - деп, жиналғандар Елбасы мақаласына бірауыздан қолдау танытты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасы докторанттары және магистранттарымен кездесу өткізді
-
«TALK-LIKE» TEDX ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ