
23 Қазан, 2017
1423
«Жемқорлықсыз болашақ – жастардың қолында» акциясы
20 қазан күні сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту және жүргізу іс-шарасы аясында, МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен, Ақтау қалалық №5 мектебінде «Жемқорлықсыз болашақ жастардың қолында» атты акция өтті.
Шараның мақсаты – этномәдени бірлестіктердің, шығармашылық ұжымдардың әлеуетін пайдалану арқылы қоғамда мемлекеттік қызметтің оң имиджін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жұртшылықты парақорлыққа қарсы қозғалысқа тарту.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрайымы Н. Жанназарованың айтуы бойынша, Ассамблея еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді. Аумақтық департаментпен бұл бағытта этномәдени бірлестіктермен бірлескен іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтің оң имиджін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жұртшылықты парақорлыққа қарсы қозғалысқа кең көлемде тарту жолында өз еңбектерін сіңірген «Чосон» корей этномәдени бірлестігі және ҚХА Маңғыстау облысы бойынша төрағасының орынбасары Р. Маденова, «Шалом» еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы Ю. Кержбаум мараппатталды.
Сондай-ақ, жиналғандар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында арнайы дайындалған «Антикоррупционная культура – основа стабильности общества» атты бейнеролик тамашалап, акция этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының концертімен аяқталды.
Дата события ассамблеи: 23.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
«АЗ-Бірлік» әзірбайжандар бірлестігі» ҚБ қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
-
Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет
-
Алматы қ. ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Ұқсас жаңалықтар
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
«АЗ-Бірлік» әзірбайжандар бірлестігі» ҚБ қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
-
Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет
-
Алматы қ. ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді