Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Тамыз, 2015

961

Жетекші журналистер клубының мәжілісі

Ағымдағы жылдың 12 тамызында «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» КММ-де жетекші журналистер клубының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жазып-көрсетудегі БАҚ-тың  рөлі» атты мәжіліс өтті. 

Ағымдағы жылдың 12 тамызында «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» КММ-де жетекші журналистер клубының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жазып-көрсетудегі БАҚ-тың  рөлі» атты мәжіліс өтті.

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы жиынды ашып, ҚР Президентінің бес институционалды реформасын іске асыру бойынша болашақта атқарылатын жұмыстармен таныстырып, қоғамдық дамуды және ел бірлігін қамтамасыз етуде белгіленіп отырған бес бағыт туралы айтты. Осы бағыттың аясында ҚХА «Үлкен ел – үлкен отбасы» ауқымды жобасының жоспары басталуда.

Жетекші журналистер клубының төрағасы, «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Саламович Идигов жетекші журналистер клубының жұмысымен қысқаша таныстырып, журналистердің негізгі мақсаты – ақпараттық қамтамасыз ету, патриотизм, этносаралық қарым-қатынастар туралы айтып өтті. Өзінің сөзінде ол «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының төртінші бөлігіне ерекше тоқталып, қатысушылардың бұл туралы өз ойларын білдіруге шақырды.

Мәжіліске БАҚ өкілдері, жастар қозғалысы мен этномәдени бірлестіктерінің мүшелері қатысты.

Жиынға қатысушылар Елбасының бес институционалдық реформасын насихаттау бағытында жүргізілетін жұмыс туралы өздерінің ойларын ортаға салды.

Кейін қарай