Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Қазан, 2015

1767

Жібек жолындағы салиқалы сұхбат

Сан ғасырлар бойы Шығыс пен Батыстың арасында алтын көпір болып, экономикалық және мәдени байланысын бекіткен Ұлы Жібек жолының атқарған рөлі әлдеқашан мойындалған. Ендігі кезекте Орта Азия елдері осынау тамыры терең еларалық байланысты қалпына келтіруге ниетті. Бұған Орта Азия елдері мен біздің мемлекет арасындағы көптеген экономикалық, сауда-саттық және рухани салаларды қамтитын келісімдер дәлел. Ал, 2005 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан «Жібек жолындағы сұхбат» халықаралық жобасы бұл бағытта өздерінің келелі үлесін қосып келеді.

Сан ғасырлар бойы Шығыс пен Батыстың арасында алтын көпір болып, экономикалық және мәдени байланысын бекіткен Ұлы Жібек жолының атқарған рөлі әлдеқашан мойындалған. Ендігі кезекте Орта Азия елдері осынау тамыры терең еларалық байланысты қалпына келтіруге ниетті. Бұған Орта Азия елдері мен біздің мемлекет арасындағы көптеген экономикалық, сауда-саттық және рухани салаларды қамтитын келісімдер дәлел. Ал, 2005 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан «Жібек жолындағы сұхбат» халықаралық жобасы бұл бағытта өздерінің келелі үлесін қосып келеді.

Аталған жоба аясында «Жібек жолындағы сұхбат» тақырыбындағы жиын Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау барысында да ұйымдастырылды. Орта Азия аймағындағы елдердің арасындағы жан-жақты байланысты нығайту шараларын талқылауға бағытталған «дөңгелек үстел» отырысына Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қоғам қайраткерлері мен тарихшылар, ғалымдар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің базасында өткен жиынды «Жібек жолындағы сұхбат» халықаралық жобасының жетекшісі, мәдениеттанушы, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов ашып, жүргізіп отырды. Аталған шараның еліміздің экономикалық, мәдени және өзге де бағыттар бойынша дамуына қосар үлесі туралы тарқата айтып өткен Мұрат Мұхтарұлы барша қатысушыларды хандық тойымен құттықтады.

Тараз – тарихымыздың бастауы, қайнар көзі. Ал, бүгін осынау киелі өлкеде елдігіміздің, мемлекеттігіміздің нышаны – Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы тойлануда. Еліміз үшін бұл той аса маңызды. Өйткені, тарихын қастерлемеген ұлттың болашағы бұлыңғыр екенін біз жақсы түсінеміз. Ешдеше, шайырлар өлеңіне арқау болан, батырлар ерлігіне себепкер болған қасиетті Әулиеата өлкесіндегі ұлы той құтты болсын!, – деген М. Әуезов конференцияның негізгі мақсаттарын түсіндіріп, жиын қатысушыларына сөз берді.

 

Келесі кезекте ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры, саяси ғылымдар докторы Наталья Калашникова алып, барша жамбылдықтар мен қонақтарды мерейлі мерейтоймен құттықтады. Өз сөзінде тарихты ұлықтаудың мәні мен маңызына тоқталған Наталья Павловна жиынның діттеген міндеті құр сөз сапырып, баяндама оқу емес, елдер арасындағы байланыстың бекуі үшін атқарылар шаралар ретін жүйелеп, қалыптастыру екенін баса атап өтті.

Жиынның алғашқы баяндамасын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы Ғалымқайыр Мұтанов жасады. Қазіргі Қазақстанның импорттық және экспорттық ахуалын сараптай келе ортаазиялық мемлекеттерден гөрі Еуропе елдерімен жасалған іскерлік байланыстың көп екенін айтқан Ғалымқайыр Мұтанұлы бұл жайтты қалыпқа келтіру қажеттігін айтты.

Тауардың бағасы оны әкелетін елден біздің мемлекетік дейінгі тасымалына тікелей байланысты. Бұл тұрғыда біздің елге еуропалық тауарлар көптеп келетінін аңғаруға болады. Бұл, тиісінше, тауар құнының өсуіне де үлкен әсерін тигізеді. Осы орайда, «алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалаған» жөн шығар деп ойлаймын. Яғни, сол тауарды Еуропадан тасығанша, жақын маңайдағы ортаазиялық мемлекеттерден алайық. Экспорт мәселесі де осындай, – деді Ғ. Мұтанов.

 

 

Келесі кезекте өз баяндамасын ҚР Ұлттық мұражайының директоры Дархан Мыңбай таныстырды. Сөзінде жаңғырған Жібек жолының Еуразияның батысы мен шығысын жалғайтыны бір бөлек, олардың мәдени байланысын бекіте түсетінін айтқан Дархан Қамзабекұлы бұл бағытта атқарылу тиіс бірқатар шаралар ретін ұсынды.

Біріншіден, жазушылар мен өнер қайраткерлерінің бірлескен басқосуларын жүйелі түрде өткізіп отыру қажет. Екіншіден, Орталық Азия елдері мұражайларының қауымдастығын құру керек. Сондай-ақ, ортаазиялық мемлекеттердің тарихи-мәдени орындарына студенттер мен оқушылардың сапарларын ұйымдастыру маңызды. Осы ретте, Орта Азия тұрғалары атты журнал-альбом шығарып, мемлекет және қоғам қайраткерлеінің танымалдығын арттыруды да ұмытпаған жөн.Бесіншіден, «Орталық Азия» атауымен танымдық журнал мен оның электронды көшірмесін жүйелі түрде жариялап отыруды ұсынамын. Бұл айтылған шаралар елдердің ынтымақтастығын арттыра түспесе, кемітпейді,– деген Д. Мыңбай алдағы уақытта айтылған ұсыныстар назарға алынатынына сенім білдірді.

Конференция жұмысын ой алмасу форматында өткен «Орталық Азиядағы ақпараттық кеңістік» тақырыбындағы пікірталастар жалғастырды. Мұнда алғаш болып өз ойын Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Ғәділбек Шалахметов білдірді. Орта Азия елдеріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыс істеу стильдерін жекелей талдап шыққан Ғаділбек Мінәжұлы қазақстандық журналистиканың әлі де болса жетілдіруді қажет ететіндігін жасырмады. Сондай-ақ, Орталық Азия аймағындағы елдерге ортақ жаңа «Алаша» ТВ-арнасыашу туралы ұсынысын да жариялады. Сондай-ақ жиында «Мицва» ҚБ еврей мәдени орталықтары қауымдастығының жетекшісі Александр Барон, www.abai.kz сайтының бас редакторы, саясаттанушы Айдос Сарым, кинорежиссер Дәрежан Өмірбаев «Жібек жолы бойындағы халықаралық жобалар», «Орталық Азияның ақпараттық кеңістігі: өзіміз немесе біздің орнымызға?», «Қазақстанда және Орталық Азияда Киноөнері институтын құру қажеттілігі туралы» атты баяндамаларын оқып, өз ойларын ортаға салды.

 

 

 

Кейін қарай