Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Мамыр, 2016

829

«Жомарттықтың көктемгі аптасы» жыл сайынғы науқанының басталуы

Алматы қаласында «Әлия мен Мәншүк» орталық алаңындағы Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың ескерткішінің жанында «ҚХА 25 игі іс» жобасы аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына арналған «Жомарттықтың көктемгі аптасы» жыл сайынғы науқанының бастауы – «Естелік ауысымы» өткізілген болатын. Науқанның негізгі мазмұны – Ұлы Отан соғысының ардагерлерін ұлықтау, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне моральдық, материалдық қолдау көрсету.

Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-ның Алмалы ауданының әкімдігі және Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясымен бірге ұйымдастырған іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Ауғанстан соғысына қатысқан ардагерлер мен мүгедектердің «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің белсенділері, студент жастар, оқушылар мен қаланың мектепалды даярлық мекемелерінің тәрбиеленушілері, БАҚ өкілдері мен басқа да шақырылған қонақтар қатысты.

Науқан барысында Кеңес Одағының Батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті. Бір минут үнсіздік жарияланып, қаза болып кеткен батырларды еске алды.

Алматы қаласының ҚХА-ның, Алмалы ауданының әкімдігінің, Алмалы ауданының Ардагерлер кеңесінің өкілдері ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады. Науқан талантты жастар мен жасөспірімдердің дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Жеңіс күні» тақырыбына арналған сурет көрмесін ұйымдастырған болатын.

«Естелік ауысымы» шарасына келген барлық Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен еңбек майданына қатысушылар Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан арнайы сыйлықтар алды.

 

Кейін қарай