Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Желтоқсан, 2015

881

Журналистер марапатталды

Ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы журналистер арасында өтетін «Алтын шаңырақ» байқауын жариялаған болатын.  

Ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы журналистер арасында өтетін «Алтын шаңырақ» байқауын жариялаған болатын. 

Байқауға 30-ға жуық жұмыс келіп түсті. Оның ішінде 5-еуі республикалық, 16 облыстық, 3 қалалық және 6 аудан журналистері өз жұмыстарын бәйгеге қосты. Байқауды қорытындылауға жазушы, аудармашы, журналист, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Ғосман Төлеғұл төрағалық етіп, ардагер журналистер Сайлау Көшкенұлы, Любовь Фомич, Сырым Рақымов, қалалық «Степной маяк» газетінің бас редакторы Қарлыға Мұқатаева әр жұмысты мұқият қарап, әділ бағасын берді.

Байқауға ұсынған материалдарды салыстыра отырып, әділқазылар алқасы «Ассамблея- бірлікке бастайды» номинациясына – журналист Алия Ахетованы, «Елі бірдің – тілі бір» номинациясына қалалық «Көкшетау» газетінің тілшісі, журналист Гәкку Асылбекқызын, «Біз- Қазақстандықтармыз» номинациясына Акмолинская правда газетінің тілішісі Нина Митчинованы, «Бір шаңырақ астында» номинациясына облыстық телеарнаның редакторы Самал Айтпаеваны, «Ассамблея- біз біргеміз» номинациясына жазушы, ардагер журналист Виктор Терещукты, «Мәдение мұра» номинациясына қалалық «Мобильная газета» газетінің тілшісі Фатима Россоловны, «Объективте-достық» номинациясына фототілші Отт Валентинаны, «Ассамблеяның жастар қанаты» номинациясына облыстық телеарнаның видеооператоры – Василий Вережниковты, «Бір ел- бір тағдыр» номинация бойынша Жарқайың аудандық газетінің тілшісі Гүлжан Байегізованы, «Қоғамдық келісім» номинациясы бойынша журналист Наталья Анфимованы лайықты деп танып, «Қоғамдық келісім» КММ жетекшісі Манат Исмағұлов Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының дипломымен және ақшалай сыйақысымен марапаттады.

  

Қолына қаламын қару еткен тілшілер қауымын құттау кезінде әділқазылар алқасының төрағасы Ғосман Төлеғұл «Әділқазы болу оңай жұмыс емес, алайда біз әр жұмысқа объективті түрде қарай отырып, бағаладық. Биылғы жылы оператор жұмысын да атап өтуді шештік, себебі бейнесюжетті дайындау кезінде журналистпен қатар оператордың жұмысы да қатар жүреді. Сонымен қатар Жарқайың ауданынан келіп түскен материалды атамай кетуге болмайды. Бір мақала он мақалаға тұрарлық деп есептейміз. Өте әсерлі жазылған »,- дей келе журналистерге шығармашылық шабыт, жұмыстарына жеміс тіледі. Ал Достық үйінің басшылығы өз кезегінде бұл байқау алдағы уақытта да жалғасын табатындығын айтып, бірлесе жемісті еңбек етуге шақырды.

«Қоғамдық келісім» мекемесінің баспасөз қызметі

Кейін қарай