
24 Қазан, 2016
1235
Журналистика саласында «Шаңырақ» шығармашылық өңірлік байқауының қорытындысы
2016 жылғы 20 қазанда «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің баспасөз клубында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Атырау облысы әкімі аппаратының Қоғамдық келісім КММ-нің ұйымдастыруымен этножурналистика саласында «Шаңырақ» шығармашылық байқауы жеңімпаздарының марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелердің, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар қауымы мен БАҚ қатысты.
Байқау міндеті мен мақсаты– этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту. Ел бірлігін дәріптей отырып, этносаралық қатынастар мен мәдениетаралық диалогтар саласындағы мемлекеттік саясат жетістіктерін көрсету, қазақ халқының және Қазақстанда тұратын этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және де отандық журналистиканың дамуына қолдау көрсету.
Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде конкурсқа қатысушылардың жобалары өңірлік деңгейде іріктеліп, жергілікті бағалау комиссиясының шешімімен сарапталған жұмыстар екінші, яғни республикалық кезеңге жолданды.
Конкурсқа барлығы 11 журналист қатысты. Олар облыстық, аудандық қоғамдық саяси газеттер мен облыстық «Қазақстан Атырау» телеарнасының журналистері.
Бекітілген талаптарға сәйкес, конкурс бірнеше номинация бойынша өткізілді. Комиссия мүшелерінің сараптамасы негізінде жеңімпаз болғандар:
І орын - аудандық «Мақат тынысы» қоғамдық-саяси газеттің бас редакторының орынбасары Лена Нұрбаева, сыйақы мөлшері – 150000 теңге;
ІІ орын - «Қазақстан-Атырау» телеарнасының редакторы Айымгүл Хайруллина, сыйақы мөлшері – 100000 теңге;
ІІІ орын - аудандық «Мақат тынысы» қоғамдық-саяси газеттің бас редакторы Гүлзада Саликова, сыйақы мөлшері – 50000 теңге сертификаттар мен дипломдармен марапатталды.
Олардың ішінде Лена Нұрбаеваның және Айымгүл Хайруллинаның жұмыстары республикаға жолданды.
«Атырау Ақпарат» ЖШС-нің директорының орынбасары, жетекші журналистер мен сарапшылар клубының төрағасы, комиссия мүшесі Өтеген Аманшыұлы Наукиев өз сөзінде : «Біз әр жұмысқа объективті түрде қарай отырып, әділ бағаладық. Мақалалардың барлығы өте әсерлі жазылған. Әр журналист өзіндік стилімен ерекшеленіп, оқырманға жол тапқан. Биылғы жылы тележурналист жұмысын да атап өтуді шештік, себебі бейнесюжетті дайындау кезінде тележурналистің жұмысы да өте зор» - деп, журналистерге шығармашылық шабыт, жұмыстарына жеміс тіледі.
Ал, Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналды мемлекеттік мекемесінің басшысы Тамара Өтегенқызы Аман-Турлина өз кезегінде бұл байқау алдағы уақытта да жалғасын табатындығын айтып, бірлесе жемісті еңбек етуге шақырды. Сонымен қатар, «Видергебурт» неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы Александр Филиппович Думлер өзінің құттықтау сөзінде журналистерді құттықтап, оларға шығармашылық саласында табыс тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Folk & Art Performance» жастар шығармашылық жобасы өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Folk & Art Performance» жастар шығармашылық жобасы өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ