
17 Қараша, 2017
1001
ЖУРНАЛИСТИКА САЛАСЫНДАҒЫ «ШАҢЫРАҚ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
2017 жылғы 17 қарашада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Сананың ашықтығы» ІІІ Халықаралық медиа форумының шеңберінде «Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, Германия, Латвия, Ресей, Өзбекстаннан шетелдік сарапшылар, масс-медиа саласындағы отандық сарапшылар, республикалық және өңірлік этномдени бірлестіктер БАҚтарының басшылары, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлар-оқытушылар құрамы, Алматы қаласы жоғары оқу орындары журналистика факультеттерінің студенттері қатысты.
Биылғы жылы байқау шеңберінде 3 аталым бойынша және Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына арналған үздік ақпараттық материал үшін арнайы жүлде түрінде ең үздік 10 журналиске сыйлықтар табыс етілді.
1. «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосқан тұлғаларға арналған ақпараттық материалдар» аталымы бойынша:
І орын - Свич Светлана (Қарағанды қаласы, облыстық «Индустриальная Караганда» газеті);
ІІ орын - Мұстафа Гүлназ (Талдықорған қ-сы, «Жетісу» ТРК);
ІІІ орын - Корнева Валентина (Солтүстік Қазақстан обл, Петропавл қ-сы,облыстық поляк мәдени орталығының БАҚ-пен байланыс маманы).
2. «Ассамблеяның, соның ішінде өңірлердегі қызметтің жаңа бағыттарын ашатын үздік ақпараттық материалдар» аталымы бойынша:
І орын - Амантайқызы Жазира (Астана қаласы,Қазақ радиосы);
ІІ орын - Алманова Самал (Ақмола облысы,«Би-ньюс» ақпараттық агенттігі);
ІІІ орын - Кожухарь Владислав (Ақтөбе қаласы,«Эврика» апталығының тілшісі).
3. «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға еңбек ұжымдарының қосқан үлесіне арналған ақпараттық материалдар» аталымы бойынша:
І орын - Казанцева Татьяна (Астана қаласы, «Литер» республикалық газеті);
ІІ орын - Ли Анжелика (Атырау қаласы, облыстық «Прикаспийская коммуна» газеті);
ІІІ орын - Расулова Меруерт (Шығыс Қазақстан обл, Өскемен қ-сы,обл-қ Қазақстан-Өскемен ТВ).
4. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына арналған үздік ақпараттық материал үшін арнайы жүлде иегері Карменова Маржан(Астана қаласы, продакшн-студия «SUN ALI»).
Дата события ассамблеи: 21.11.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
Ақмола облыстық ҚХА өнерпаздарының байқауы өтті
-
«Folk & Art Performance» жастар шығармашылық жобасы өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
Ақмола облыстық ҚХА өнерпаздарының байқауы өтті
-
«Folk & Art Performance» жастар шығармашылық жобасы өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту