
22 Наурыз, 2017
2078
Жыл басы – әз Наурыз!
Еліміздегі басты мейрам – Наурызды тойлау барысында, шын мәнінде де, көктемнің нағыз белгілері көп болды. Түні бойы жауған нөсер қаланы жаңа жылға дайындағандай, таңертеңгі салқын қыстың ызғарын кетіргендей, ал күндізгі күншуақ нағыз көктем келді дегендей. Ауа райының өзгеруіне қарамастан, қала тұрғындары мен қонақтары Достық алаңына жиналып, Наурыз мейрамын тойлап та кетті.
Келген әрбір қонақтарды ән мен бимен, алдын ала орналастырылған этноауылдағы өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастырған ұлттық тағамдар және көрме қарсы алды. Жыл басын күтіп алуға Шығыс елдерінің киімдерімен «Радонеж» орыстар қауымдастығы, Жамбыл облыстық «Полонез» поляк тілі орталығы және мәдениеті» қоғамдық бірлестігі, «Днипро» украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі, Жамбыл облыстық «Шиват Цион» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі және басқалары белсенді қатысты. Өңірлік ассамблея құрған этноауылды жылы лебіздерімен Жамбыл облысы әкімі, өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясың төрағасы Кәрім Көкрекбаев та келді.
«Наурыз - әсемдіктің, махаббат пен адамдарды бейбітшілікке шақыратын, мейірімділік пен келісімге шақыратын мейрам. Бұл мейрам – бірлік , шыдамдылққа және тұрақтылық нышаны. 25 жыл бойы Тәуелсіз елдің даму жолы. Наурыз жыл басы, болашаққа деген үлкен үміт беретін, жаңа жоспар, барлық армандар орындалатын күн, сол үшін көпұлтты Қазақ елінің жарқын, әрі сүйікті мейрамы. Биылғы мейрам еліміздің дамуындағы үлкен қадамдармен, яғни Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаеватың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа Жолдауымен жаңа есікті ашудамыз. Құрметті, жерлестер, барлықтарыңызға бейбіт өмір, денсаулық пен бақыт, амандық тілеймін!» - деді К.Көкрекбаев.
Осы жылы айтулы мерекеге ұйымдастырушылар ерекше көңіл бөлгендіктен, Төле би даңғылы мен Әйтиев көшелері бойында киіз үйлер тігілді. Қонақтар өз қалауларымен алтыбақанда теуіп, өзгелері тоғызқұмалақ, дойбы, шахматта ойнап, мықтылар күш санасты.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов Израиль Кнессетінің спикері Амир Оханамен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов В.Тенмен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов Израиль Кнессетінің спикері Амир Оханамен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов В.Тенмен кездесті