26 Қазан, 2015
1514
«Жыл отбасысы – 2015»
1998 жылы Байсарин Әнуарбек Сейітұлы мен Есқожина Тұяқ Қазкенқызы Талғар қаласында жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған жеке пана үйін ашты. Содан бері әр ұлттың түрлі жастағы балалары «Нұр» атты үлкен отбасында тәрбиеленіп келеді.

«Нұр» қайырымдылық балалар үйі құрылғалы өткен 17 жылда Әнуарбек Сейітұлы мен Тұяқ Қазкенқызы 350 баланы тәрбиелеп, өсірді. Қазір бұл балалар үйінде 73 бала тәрбиеленуде.
Байсариндер отбасы – ешкімге ұқсамайтын бірегей отбасы! Әлемде оларға тең келер ешкім жоқ! Әр ұлттың түрлі жастағы балалары жылылық пен шуаққа толы отбасында Тұяқ апайдың мейірімді қамқорлығына бөленуде. Олар өздері де осы отбасында қайырымдылық пен мейірімділікті бойларына сіңіруде!
Биыл Байсариндер отбасы «Жыл отбасысы – 2015» сыйлығына үміткерлердің бірі. http://bestfamily.kz/families/show/10943 сілтемесімен жүре отырып, сіздер осы қайталанбас әрі бірегей отбасы үшін дауыс бере аласыздар! Өйткені, әлемде оларға тең келер ешкім жоқ!
Ұқсас жаңалықтар
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті