Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Мамыр, 2021

277

«Zoom» платформасында республикалық «SOCIAL ASSEMBLY» жастар форумы өтті

21 мамырда "Қоғамдық келісім" РММ Nazarbayev University және ҚХА "Жаңғыру жолы" республикалық жастар қозғалысымен бірлесіп ұйымдастырған "Social Assеmbly екінші Республикалық жастар форумы өтті.

Іс-шара ZOOM платформасында өтті, оған ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздары, этномәдени бірлестіктердің жастары, жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ, Nazarbayev University студенттері қатысты.

"Social Assеmbly" форумының негізгі мақсаты креативті жобаларды таныстыру мүмкіндігі үшін жастар алаңын құру, сондай-ақ, жастардың әлеуетін іске асыру және дамыту үшін жағдай жасау және оның бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру болып табылады.Форумға шақырылған Nazarbayev University спикерлері, "Жаңғыру жолы" ҚХА өңірлік штабтарының көшбасшылары таныстыру форматындағы өздерінің әлеуметтік жобалары туралы айтып берді.

Жас ұрпақтың уәждемесін арттыру үшін форумның міндеттерінің бірі "Бизнес" аталымында 2021 жылғы "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы Пак Викторияның табысқа жету тарихымен танысу болды.

Қазақстан халқы Ассамблеясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қоғамның әлеуетін тарту бойынша тұрақты негізде үлкен жұмыс жүргізілуде. Форум аясында жастар «Adaldyq alany» жобасының жұмысымен танысты. Іс-шара соңында ҚХА "Жаңғыру жолы" республикалық жастар қозғалысының мүшелері сыбайлас жемқорлық біз үшін емес!» атты челленджді бастады. Бастамашыл жастарды қолдау Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.


Кейін қарай