Соңғы подкасттар

Нұргүл Қалиева. Тұлға
  • 2016 жылы темір жолда темір тұлпарды тізгіндеген қарапайым жұмысшы Геннадий Шиповскихтің үлкен саясатқа келуі елді таң-тамаша қалдырғаны жасырын емес. Халық қалаулыларын халық ішінен шығады десек те, олардың еңбек жолдарын таразылар болсақ, әрқайсысының қандай да бір қызметтің қақпағын, мансаптың тұтқасын ұстағанын көреміз. Ал Сексеуілдің сары ұлы Алтынбек 26 жасында Мәжіліске депутат болып сайланып, алтыншы шақырылымның «сенсациясына» айналған еді. Геннадийді отбасы неге Алтынбек, достары Алтоха дейді, жаны қазақ орыс жігітінің тілінің қазақша шыққаны рас па? Жайдарманшылардың сықақ қазанында қайнап өскен Геннадийдің бүгін саясаткерлермен әзілі жарасып жүр ме? Осы және өзге де мәселелер жөнінде депутат Геннадий Шиповских «Тұлға» сыр-сұқбатында сыр ақтарады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының "Ұлт құндылығы - ұлттық спорт" аудиожобасы
  • Бес тас халықтық ойынының тарихы, шарты туралы студия қонағы - Нұр-Сұлтан қаласы өзбек этномәдени орталығының «Пойтахт Ешлары» жастар қанатының төрағасы, ҚХА "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша штаб төрағасының орынбасары  Сардор Юлдашов әңгімелеп береді. 
Халық Ассамблеясының жаңалықтары
  • Еліміздің бас қаласы - Нұр-Сұлтан қаласы мен республикалық деңгейдегі Алматы, Шымкентте, 14 облыста орын алған Қазақстан халқы Ассамблеясының соңғы жаңалықтары әуе толқынында.