7171
Мұратәлі Қалмұратов: Шымкенттік ассамблея мүшелері Жолдаудың жүгін көтеруге әзір
Шымкент қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері алдағы кезеңдегі ел дамуының негізгі бағыттарын айқындаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы алғашқы Жолдауын зер сала тыңдап, үлкен қызығушылық танытты.
Қоғамдық келісім, Жолдауда жарияланғандай, бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Біз осы саладағы жұмыстарды жалғастырамыз. Саяси құжатта айтылғандай, біздің ұстанымымыз: Ел бірлігі – оның әралуандығында! Сондықтан қалалық ассамблея елдігімізді танытар игі бастамаларды нәтижелі іске асыратын болады.
Президенттің Жолдауы жалпы қоғам үшін еліміздің алдағы кезеңге арналған мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын қоғамдық-саяси нұсқаулық болып табылады.
Саяси құжатта мемлекет тұрақтылығының негізі – сындарлы қоғамдық сұхбат құру жайы айтылды. Президент ұсынған «құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы азаматтардың барлық сындарлы сұраныстарына жедел және тиімді жауап беруге, билік пен қоғам арасында тұрақты диалог құруға негіз бола алады.
Осы орайда Шымкент қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы жанынан құрылған Қоғамдық келісім кеңесі мен Аналар кеңесін халықпен тиімді кері байланыс орнықтыру алаңы ретінде қалыптастырамыз.
Жолдауда жүктелген міндеттерді табысты іске асыруда қалалық ассамблея жанындағы құрылымдардың қызмет тиімділігін арттырып, билік пен бұқара арасындағы кері байланыс жүйесін жандандырамыз.
Президенттің ұсынысымен 2020 жыл «Еріктілер жылы» деп жарияланды. Осы орайда қалалық ассамблея жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының әлеуетімен волонтерлық қозғалыс қалыптастырып, әлеуметтік әлжуаз топ өкілдеріне көмек көрсету бағытында жұмыс жүргізуді жоспарлап отырмыз.
Мұратәлі Қалмұратов,
Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары,
хатшылық меңгерушісі
Ұқсас жаңалықтар
20 Наурыз, 17:30
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов елордалық Достық үйінде өткен «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік шарасына қатысты
20 Наурыз, 16:21
«Ассамблея жастары» белсенділері «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне ұлттық ойындарды үйретті
20 Наурыз, 09:09
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды
21 Наурыз, 13:03
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз, 13:01
Президент Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады