Қазақстан халқы Ассамблеясы

947

Міржақып Бағдатұлы: Біз әлемге «Қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін» ұсынған егемен елміз.

Қазақстан казіргі таңда қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың мекені ғана емес, өзіндік әлемге «Қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін» ұсынған егемен ел.

Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев тек мемлекет ішін­дегі ғана емес, әлемдегі болып жатқан құ­былыстарды дөп басып, заман талабына сай игі бастамаларды көтерді. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамаларының бірі – мемлекет ішіндегі этностардың бірлігін, ынтымағын реттеп оты­ратын Қазақстан хал­қы Ассамблеясы. Сөйтіп, жаңа Қазақстанға жаңа бағыт, эт­нос­тарды біріктіретін Қазақстан халқы Ас­самблеясы дүниеге кел­ді. Шын мә­нін­де, ол қоғамдық келі­сімнің қазақ­стан­дық моделін жүзеге асырудың маңызды те­тігі болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы халыққа Жолдауы стратегиялық жоспарларды толықтырушы, әрі қарай дамытушы құжат ретінде жарияланды.

ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында «Әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісім – бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі» деп, Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын жоғары бағалады.

Тек, бағалап қана қоймай саяси үрдістерді саралап, бірлігімізді нығайта түсу үшін нақты шаралар қабылдау, еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға әрі қарай жағдай жасау керек екендігі жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Бұл бізді қуантатын жағдай, себебі қазіргі талабы қатал, ақылмен де, айламен де қадам басатын жаһандану дәуірінде алға дамуымыз үшін бірлігіміз, яғни мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – «Қоғамдық келісімдердің» ынтымағы маңызды екендігі екендігі белгілі.

 

Міржақып Бағдатұлы

Ш. Есенов атындағы КМТИУ

ҚХА кафедрасының оқытушысы

Кейін қарай