Қазақстан халқы Ассамблеясы

«Шаңырақ» шығармашылық байқауы

ҚХА Журналистер клубының қолдауымен жыл сайын журналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық байқауы өткізіліп тұрады.

Конкурстың мақсаты – этносаралық қатынастар тақырыбындағы материалдарды жазып-көрсететін журналистерді ынталандыру арқылы отандық журналистиканың дамуына жәрдемдесу болып табылады.

2.2. Конкурстың міндеттері:

1) бұқаралық ақпарат құралдарындағы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні мен мазмұнын ашатын, мәдениаралық диалогты дамытуға жәрдемдесетін бағдарламалар мен материалдарды дәріптеу;

2) ақпараттық кеңістікте көп этносты Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерінің озық үлгілерін ілгерілету;

3) мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

4) БАҚ-тағы қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлік мәселелеріне арналған публицистикалық материалдардың сапасын арттыру;

5) қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлік тақырыбын жазып-көрсететін қазақстандық БАҚ-тың рөлдері мен жауапкершіліктерін арттыру болып табылады.

Конкурсқа қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, сарапшылар, жеке авторлар қатыса алады.

Конкурс жеңімпазын қазылар алқасы айқындайды