#TUGAN JER байқауы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған
#TUGAN JER
атты республикалық конкурс өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан халқы Ассамблеясы БАҚ-пен әлеуметтік желілер жарияланымдар бойынша республикалық конкурс (бұдан әрі – Конкурс) өткізу туралы хабарлайды.
1. Жалпы ережелер.
Осы Ереже Конкурстың мақсаты мен міндеттерін, сондай-ақ оны өткізу тәртібін айқындайды.
1.2 Конкурстың мақсаты - өңірдің тарихы, жергілікті топонимика, өлкетану, облыстың танымал тұлғалары, олардың өңірдің және елдің дамуына қосқан үлесі туралы БАҚ-пен әлеуметтік желілер ақпараттық кампания өткізу.
1.3 Конкурстың міндеттері:
- туған өлкенің тарихи мұрасын зерделеу арқылы жастарға рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие беру;
- өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамыту;
- жастардың санасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік идеясын нығайту;
- тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосқан көрнекті қазақстандықтардың тарихи портреттерін көрсету.
2. Конкурстың тәртібі мен шарттары.
Конкурсты ұйымдастырушы Конкурс туралы ақпаратты www.assembly.kz сайтына орналастырады және Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жариялайды.
Қатысушының жарияланымы келесі өлшемдерге сәйкес келуі тиіс:
1) мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялауға болады;
2) фотоиллюстрация немесе бейнесюжетпен қоса беруге болады;
3) конкурсқа қатысушы өз жарияланымды Қазақстан халқы Ассамблеясының және ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының аккаунттарын міндетті түрде атап өтуі тиіс:
(Instagram: АНК – @assembly_kz; РМД - @jangyrujoly; Facebook: АНК - @Ассамблея народа Казахстана) және #TUGANJER #JANGYRUJOLY хэштегтерін көрсету міндетті;
4) әлеуметтік желілерінде 2020 жылғы 4 желтоқсаннан дейін жарияланады.
3.Конкурс қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау.
4.1 Конкурс комиссиясының мүшелері жарияланымдарды қарап, үздік жұмыстарды анықтайды.
4.2 Конкурс қорытындылары Конкурс комиссиясының шешімінен кейін Қазақстан халқы Ассамблеясының www.assembly.kz сайтында 2020 жылғы 11 желтоқсаннан кешіктірмей ресми түрде жарияланатын болады.
4.3 Конкурс жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталады.
4. Жарияланымды бағалау критерийлері:
- мазмұны Конкурстың тақырыбына сай болуы міндетті;
- тақырыптың толық ашылуы, мағыналы болуы міндетті;
- әдеби стилі мен материалды ұсыну формасына назар аударылады.
1 Қазан, 11:19
1 қазан — Қарттар күні құтты болсын!
1 Қазан, 18:02
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АҚСАҚАЛДАРДЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҮЛЕСІН АТАП ӨТТІ
4 Қазан, 20:02
ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Алтын кітап» баспасының бас редакторы Вячеслав Титенёвпен кездесуі өтті
3 Қазан, 20:22
ҚХА Төрағасының орынбасары Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетіндегі ҚХА кафедрасының докторанттарымен кездесуі өтті
3 Қазан, 20:30
ҚХА Төрағасының орынбасары«Біріккен Ассамблея құрамасы» командасын «Жайдарман» Ұлттық лигасының финалына шығуымен құттықтады