
1085
Сидоркин Евгений Матвеевич
Өмір жылдары: (1930–1982 жж.)
Қазақстан Республикасының халық суретшісі, М.Әуезовтың «Абай жолы» романының суреттері үшін Шоқан Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды (1960 ж.).
Қазақ халқының өзіндік өнері, оның бай фольклоры мен тарихы суретшіні баурап алды. Тарихи туындылар - суретші Евгений Сидоркиннің туындысы. Суретші өз туындылары арқылы қазақ эпосының әлемін, қазақ ертегілерін, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов және Абай әлемін ашты.
График суретшісінің шығармашылығының негізгі тақырыбы қазақтың рухани мәдениетімен байланысты және оның барлық шығармалары қазақ рухымен қанықтырылған. Евгений Матвеевич қазақ эпосы мен әдебиетінің образдарын дәл және нақты бейнелей алды.
Өміріндегі Қазақстанмен, қазақ халқымен байланысты бірегей оқиғалары
«Евгений Сидоркин біздің Шығармашылық одақ пен Қазақстанды мадақтады. Оның жарқын, батыл композициялық шешімдері заманауи графиканың дамуына әсер етті. Ол ешкімге жалтақтамай жұмыс істеді ... » (Еркін Мергенов, республиканың халық әртісі, Қазақстан Суретшілер одағының басқарма төрағасы).
Евгений Матвеевич монументалды өнерде үлкен жетістіктерге жетті. М.Әуезов атындағы театрға, мәдениет сарайлары мен кинотеатрларға мүсіндер мен мозаикалар жасады.
Негізгі жұмыстары: «Ақсақал» линогравюрасы (1959 ж.), қазақ халық ертегілері тақырыбындағы автолитографиялар топтамасы (1959 ж.), Әуезовтің «Абай жолы» (1960 ж.) романына арналған суреттер топтамасы, «Қазақ эпосына» арналған иллюстрациялар, (1962 ж.), «Қазақтың ұлттық ойындары» литографиялар сериясы (1964 ж.), «Сәкен Сейфуллинді оқу» литографиялар сериясы (1965 ж.) және т.б.
Оның шығармашылық жүгінде: «Қазақ эпосы» сериясына арналған Лейпцигтен қола медаль (1959 ж.), «5 континент графикасы» көрмесінен «Сәкен Сейфуллинді оқу» сериясы үшін алтын медаль (1965 ж.), Краковтағы Халықаралық 1-ші халықаралық графикалық биенналеде 1 премия мен алтын медаль, Венеция, Будапешт және т.б. көрмелерінен дипломдар.
1. Шалабаев Г. «Евгений Сидоркин. Онтология художественного метода». - Алматы: Галерея «Ою», 2005.
2. Сарыкулова Г. «Евгений Сидоркин». - Москва: Советский художник, 1971.
3. Халаминская М.Н. «Альбом. 24 графические работы». - Ленинград: Аврора, 1971.
4.http://www.tarih.spring.kz/ru/history/postwar/figures/page3319
5. http://kazneb.kz/ biografia.kz
Евгений Сидоркиннің жұмыстары халықаралық беделге ие болды, әлемнің көркем галереялары мен музейлерінде сақтаулы және әлемнің жиырмадан астам елінде қойылған.