Достық үйі
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ-нің құрылуы туралы мәлімет
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы №837 Жарлығымен «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды.
2014 жылғы 19 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналды мемелекеттік мекемесін құру туралы» №264 қаулысы қабылданды.
Соның негізінде, «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналды мемелекеттік мекемесіне «С.Сейфуллин атындағы Достық үйі» мемлекеттік мекемесін қосу арқылы қайта құру туралы облыс әкімдігінің 2014 жылғ 8 қыркүйектегі №283 қаулысы қабылданды.
Мекеменің мақсаттары мен міндеттері
«Қоғамдық келісім» КММ- і қызметінің негізгі мақсаты:
- Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жүзеге асыру;
- халықтың бірлігін, қоғамдық келісім мен ұлттық-мемлекеттік біртектілікті нығайту,
- өңірде мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыруға қолдау көрсету;
- этностардың мәдениетін, тілін дамыту мен жаңғырту, қоғамдық келісімді нығайтуда белсенділігін арттыру, сонымен қатар, ұлттық дәстүрлер мен қолөнерді насихаттауда этномәдени бірлестіктердің қызметін ұйымдастыру мен үйлестіру;
- Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталған көпшілік іс-шараларын ұйымдастырып, өткізу.
«Қоғамдық келісім» мекемесінде 4 бөлім жұмыс істейді, олар:
- Этносаралық қатынастар саласының ахуалдық мониторингі және талдау бөлімі;
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру және әдістемелік әзірлемелер бөлімі;
- Этномәдени бірлестіктермен жұмыс жүргізу бөлімі;
- Қоғамдық-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімі.
«Қоғамдық келісім» КММ- нің жалпы штат саны аудандық 5 филиал мен шаруашылық бөлімінің қызметкерлерін қоса алғанда 71 қызметкерден құралған.
Бүгінгі таңда жаңа мекеменің қызметі соны бағытта жүргізіліп келеді, алдағы жоспарлардың да бағыты жаңашылдыққа негізделген.
![]() |
ОҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы |
Директор — ЖАНҒАЗИЕВА Эльмира
Тел.: 8/7252/21-35-23, 8-701-382-95-79
E-mail: halyktar_dostyk@bk.ru