Қазақстан халқы Ассамблеясы Батыс Қазақстан облысы

Ассамблея туралы

Батыс Қазақстан облысы

Қазақстан халқы Ассамблеясының

құрылымы

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымын облыс ассамблеясының сессиясы мен ассамблея хатшылығы құрайды.

Облыс ассамблеясының төрағасы болып лауазымы бойынша облыс әкімі сайланады. Сессия арасында басқаруды жүзеге асыратын алқалық орган болып оның төрағасымен қалыптасатын және басқарылатын облыс ассамблеясының кеңесі болады. Ассамблея кеңесінің отырыстары қажетіне қарай шақырылады.

Облыс ассамблеясының жұмысшы органы болып облыс әкімі аппаратының құрылымына хатшылық кіреді. Хатшылық меңгерушісіне өзінің мәртебесі бойынша облыс әкімінің орынбасары тағайындалады.

Этномәдени бірлестіктер төрағалары қатарынан екі кандидатура жыл сайын қоғамдық негізде облыс ассамблеясы төрағасының ротациялық орынбасарлары болып сайланады.

Облыс ассамблеясының мүшелігіне барлық кандидатуралар кеңес отырысында, кейін облыс ассамблеясының сессиясында қаралады және төрағаға бекітуге ұсынылады.

Облыс ассамблеясының қоғамдық органы болып ғылыми-сараптама кеңесі және ғалымдар мен облыстың беделді адамдардан құрылған ақсақалдар кеңесі, сондай-ақ төзімділік мәселесімен айналысатын аналар кеңесі және жастар қанаты табылады.

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы құрылды. Бүгінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының негізгі мақсаты — туған тілді, мәдениетті және ұлттық дәстүрлерді сақтап қалу және дамыту, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласында тиімді қарым-қатынас жасау болып табылады.

Аудандарда Қазақстан халқы Ассамблеясының аудандық 12 топ және Орал қаласындағы облыс орталығында негізгі топ құрылды. Сондай-ақ аудандарда және облыста азаматтық институттардың, қоғамдық, саяси және өзге де бірлестіктердің қоғамдық келісімді және еліміздің ұлттық бірлігін нығайтуда күштерін біріктіруге бағытталған қоғамдық келісім кеңестері қызмет етеді.

Қалада және аудандарда этномәдени бірлестіктерге арналған концерт залы және арнайы бөлмелері бар Достық үйлері ашылды. Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында ақсақалдар кеңесі, қоғаммен байланыс және БАҚ-пен қарым-қатынас жасау жөніндегі кеңес, жастар қанаты және ғылыми-сараптама тобы, қоғамдағы демократиялық өзгерістерге қолдау көрсететін, түрлі шығармашылықты дамытуға және өскелең ұрпақты отаншылдық рухында тәрбиелеуге атсалысатын аналар кеңесі қызмет етеді.

Туған тарихымызды, этномәдениетті және тілдерді оқыту үшін орта жалпы білім беретін мектептер жанынан жексенбілік сыныптар ашылды, онда балалар туған мәдениетімен және дәстүрімен таныса алады. Этномәдени бірлестіктер өкілдері үшін тегін қазақ тілінің курстары ашылды.

Облыста 86 этнос өкілдері тұрады. Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысшы органы — БҚО ҚХА хатшылығы. Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы — Батыс Қазақстан облысының әкімі Төреғалиев

Нариман Төреғалиұлы.


Этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік және азаматтық институттардың өзара қарым-қатынасын белсендіру, облыс ассамблеясының, оның қалалық және аудандық құрылымдарының жұмыс механизмі мен ұйымдық құрылымын жетілдіру, этносаралық бірлік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету бойынша азаматтық бастамаларға қолдау көрсету үшін мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру мақсатында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 1 шілдедегі №165 қаулысымен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Басшысы — Туркина Айгүл Серікқызы.


1.

ТӨРЕҒАЛИЕВ

Нариман Төреғалиұлы

Батыс Қазақстан облысы әкімі, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы

2.

МЕҢДІҒАЛИЕВ

Қайыржан Ермекұлы

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары

3.

АМИРХАНЯН

Аветик Рубенович

БҚО «Масис» армян этномәдени қоғамдық бірлестігі төрағасы

4.

БАЮКАНСКИЙ

Феликс Аркадьевич

«Ламед» Батыс Қазақстан облыстық Еврей Этномәдени Қоғамдық бірлестігінің төрағасы

5.

БЕРГЕН

Мақсот Қабышұлы

«Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы

6.

БИҒАЛИЕВ

Арман Маратұлы

Батыс Қазақстан облыстық қазақ «АҒАЙЫН» этно-мәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы

7.

БЫКОВ

Сергей Сергеевич

Батыс Қазақстан облыстық «Орыс мәдениет орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

8.

ҒҰБАШЕВ

Асланбек Зинатұлы

БҚО аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі

9.

ДӘУЛЕТЖАНОВ

Амангелді Медхатұлы

БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің төрағасының орынбасары

10.

ДЖАНАЛИЕВ

Элгун Ахмед оглу

БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы еріктілер орталығының жетекшісі, «Бирлик» әзербайжан этномәдени бірлестігі жастар қанатының төрағасы

11.

ЖАҚСЫҒУЛОВ

Қайреден Қадырғалиұлы

БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің төрағасы,медиатор

12.

МҰҚАЕВ

Мұрат Рахметұлы

БҚО Маслихат хатшысы

13.

ҚҰРМАНАЛИНА

Шалқыма Хайроллақызы

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы АссамблеясыАналар кеңесінің төрайымы

14.

КУРАКИНА

Вера Николаевна

Батыс Қазақстан облыстық «Еднання» украин этномәдени - ағартушылық бірлестігінің төрағасы

15.

МАҚАТОВ

Дулат Нурланұлы

«Ассамблея жастары»Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысындағы өкілдігі төрағасы

16.

МАМЕДОВ

НаджафМирзагаоглы

«Бірлік» әзербайжан этномәдени-ағартушылық бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

17.

МИЛИКЕЕВА

Флюра Ириковна

«Татар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

18.

САРАТОВ

Данильбек Алиевич

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан

халқы Ассамблеясы төрағасының

орынбасары, «Вайнах» шешен-ингуш

этномәдени бірлестігінің төрағасы

19.

СЕРҒАЛИЕВ

Нұрлан Хабиболлаұлы

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры, БҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының басшысы

20.

СОЛОДИЛОВ

Вячеслав Юрьевич

«Жайық және орал казактарының одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

21.

СПИРИДОНОВ

Игорь Владимирович

«Яик» фольклорлық-этнографиялық казак орталығының төрағасы

22.

ТЮ

Белла Владимировна

Батыс Қазақстан облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрағасы

23.

МУТАЛИПОВ

Илияр Мусажанович

«Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы

24.

ФРАНК

Геннадий Артурович

«Хаймат» Орал неміс этномәдени- бірлестігінің төрағасы

25.

ШАЙХИЕВ

Тұрар Төлегенұлы

БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, БҚО ҚХА ҒСТ мүшесі

26.

ШОХИНА

Вера Кузьминична

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Дос» қоғамдық қорының төрайымы