Қазақстан халқы Ассамблеясы Батыс Қазақстан облысы

Достық үйі

2016 жылғы 4 ақпанда Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйі ашылды. Жаңа әкімшілік ғимаратта этномәдени бірлестіктердің 17 кабинеті, БҚО ҚХА жастар қанаты кабинеттері, ардагерлер Кеңесінің кабинеттері орналасты.

Ғимарат 3 қабатты, мұнда 150 орындық концерт залы, 80 орындық конференц залы (26 орын-дөңгелек үстелде), сонымен қатар медиация кабинеті азаматтарды қабылдауға дайын. Бұдан басқа Қазақстан халқы Ассамблеясының Үйінде 2 дайындық кабинеті және 2 хореография залы, 3 тілдер (мемлекеттік тіл, ағылшын және туған тілді оқыту) кабинеті, киім бөлмесі, грим жасау бөлмесі қарастырылған. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ететін «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кабинеттері орналасқан.

Жаңа ғимаратта мүмкіндігі шектеулі жандарға да бар мүмкіндіктер жасалған (пандустар, көтергіштер), сондай-ақ қазіргі кездегі жабдықтармен жабдықталған дыбыс режиссерінің кабинеті, дыбыс жазу студиясы, жарық беру бөлмесі де бар.


КГУ «Қоғамдық келісім при аппарате акима ЗКО» — КАМБЕТОВ Медхат Мусаевич

Тел.: 8 (7112) 244233 приемная, 305315 прямой, 25-54-00
Тел.: 8-777-569-50-70, 8-775-198-04-07

E-mail: kgukkzko@mail.ru