3742
Бекзат Алтынбеков: Билігі мен қоғамы тіл табысқан мемлекетте халықтың көкейінде жүрген мәселелер шешімін табатынына сенім мол
Халықтың сенімді өкілі болған соң ел ішіне жиі барып, қарапайым адамдармен кездесіп тұрамыз. Әңгіме барысында олардың айтқан ой-пікір, өтініш-тілектерінен қоғамда болып жатқан оқиғалардың жақсы-жаманды сипаттарын анық байқап отырасың.
«Халық айтса, қалт айтпайды» деген. Сондай кездесулерде көтерілген мәселелерді ой таразысынан өткізе келе, жұрттың жанайқайына құлақ түріп, әрбір айтқан сөзін санап тыңдайтын уақыт жеткен екен-ау деген тұжырымға табан тірейсің. Елбасының өзі «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» деп бекерден-бекер айтқан жоқ.
Кешегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес», деп атап өтті. Мұндай тағдыршешті мәлімдеме елімізде жаңа саяси құрылымның іргетасы қалана бастады дегенді аңғартқандай.
Сайып келгенде, бұл игі әрекет қоғам, халық және билік арасында тиімді байланыс орнатуға қызмет етсе, онда мұның әлемдік қоғамдастық алдында абырой-беделіне кіршік түсірмеуді ұлы мақсат еткен еліміз үшін мықты тірек болары сөзсіз.
Ел Президентінің «Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз», деген сөзінде байсалды саясат, салиқалы ой жатыр. Қолдағы барды ұқсата алмай, құт-берекесін қашыратындарды талай көріп жүрміз. Осы тұрғыдан алғанда, артқа жалтақтай бермей, ертеңгі күннің несібесін елдің жолына арнаған ауқымды жобалардың жемісті нәтижесінен іздеу біз күткен жақсы өмірдің нышаны болуы керек.
Иә, билік пен халықтың арасында сындарлы диалог орнаса, айтылған ащы шындық пен өткір сынның жүзі мылқау жартасқа тиіп майырылмай, тиісті тараптың ар-ожданын оятып, күш-жігерін жақсы істерге қайраса, бүгінгі қоғамда үстемдік құра бастаған наразылық атаулының алдын алуға болушы еді.
Рас, Мемлекет басшысы айтқандай, қоғамдық-саяси тұрғыда жаңғырған елдің ғана босағасынан құт кетпейді. Билігі мен қоғамы тіл табысқан мемлекетте халықтың көкейінде жүрген мәселелер – жер туралы дау-дамайды реттеу, әлеуметтік жағдайды оңалту, туған тілдің болашағын баянды ету, білім сапасын арттыру және басқа да толып жатқан проблемалар кезең-кезеңімен шешімін табатынына сенім мол. Сонда ғана біз, Президент айтқандай, «Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика» құра аламыз.
Сөзімізді түйіндер болсақ, береке мен бірлік, ақыл мен парасат бүгінгі қиындықтарды тізе бүктіріп, жақсы күндерге жетелейтін әлеуетті күш екенін естен шығармаған жөн.
Бекзат Алтынбеков,
Қарағанды облыстық
Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы
Похожие новости
-
II. АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
-
Міржақып Бағдатұлы: Біз әлемге «Қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін» ұсынған егемен елміз.
-
Роза Пак: Жолдау нақтылығымен ерекшеленді
-
Ғосман Төлеғұл: Президент Жолдауы жан-жақтылығымен, ғылыми тереңдігімен тәнті етті
-
Бегалы Байрамов: Шымкентте мемлекеттік тілді меңгерген этнос өкілдері 70 пайыздан асты
5 Февраля, 17:17
В Астане состоялся республиканский круглый стол Совета матерей АНК по проекту новой Конституции
9 Февраля, 17:48
В Астане состоялось заседание Научно-экспертного совета АНК
4 Февраля, 18:14
В Доме дружбы г.Астаны состоялась встреча с активом этнокультурных объединений, посвященная обсуждению Конституционной реформы
4 Февраля, 18:07
Заместитель Председателя Ассамблеи народа Казахстана провел встречу с председателем этнокультурного объединения корейцев г.Астаны Евгением Цоем
5 Февраля, 18:52
В Республиканском доме дружбы города Алматы заместитель Председателя Ассамблеи народа Казахстана Марат Азильханов встретился с активом АНК
Похожие новости
-
II. АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
-
Міржақып Бағдатұлы: Біз әлемге «Қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін» ұсынған егемен елміз.
-
Роза Пак: Жолдау нақтылығымен ерекшеленді
-
Ғосман Төлеғұл: Президент Жолдауы жан-жақтылығымен, ғылыми тереңдігімен тәнті етті
-
Бегалы Байрамов: Шымкентте мемлекеттік тілді меңгерген этнос өкілдері 70 пайыздан асты