Қазақстан халқы Ассамблеясы
 
Found: 40
Where: tags — Маңғыстау [x] амал [x] наурыз көже [x] Отпан тау [x] Достық үйі [x] Амал мерекесі [x] Қазақстан халқы ассамблеясы [x] Нұр-Султан қалаласы [x] облыс [x] Nur Otan [x] әнші [x] Қызылорда [x] Ақтөбе [x] жыр [x] Светлана Крюгер [x] мемлекеттік тіл [x] ұлтаралық тіл [x]

Ел бірлігінің негізі – тіл бірлігінен бастау алатыны барлығымызға белгілі

Құрметті форумға қатысушылар, қадірменді мәжіліс депутаттары, құрметті зиялы қауым, құрметті Төлеген Мұхамеджанұлы, бүгінгі «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форумыңыз құтты болсын, қош келдіңіздер! Жүздескеніме өте қуаныштымын! Қазақ халқы қаншама тарихи кезеңдерде ұлт пен ұлысқа құшағын ашып, бауырына басқан ел. Көп ұлтты халқымыздың тату бірлігі мен ынтымағының арқасында бүгінде ұлтаралық қатынастың қазақстандық бірегей үлгісі қалыптасты. Әрине, ұлтаралық татулықтың моделі туралы айт ...

«Қазақ тілін дамытуға мектеп директорлары көңіл бөлуге тиіс»

ҚХА ұйымдастыруымен Алматы қаласы Достық үйінде өткен «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты бірінші республикалық конгресінде Тараз қаласындағы №34 орта мектептің директоры Динара Нұралиева сөз алып, өз отбасында ұстанатын қазақтың дәстүрлерін атап өтті. - Әуелі өзімді аз-кем таныстырып өтейін. Нағашыларым 1920 жылдары Қытай елінен, өз аталарым 1959 жылы Ташкент қаласынан Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылына көшіп келген. Анам – ұйғыр қызы, әкем – дүнген. Арғы тегімізден орыс, өзбек және ...

«Жаныммен де, жүрегіммен де қазаққа айналғанмын»

ҚХА ұйымдастыруымен Алматы қаласы Достық үйінде өткен «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты бірінші республикалық конгресінде Қызылорда облыстық «Қоғамдық келісім» КММ сарапшысы Светлана Крюгер кезекті сөз алып, өзін таныстырып өтті. - Мен – Светлана Владимировна Крюгер. Ұлтым – неміс. Елбасы Сыр елін Алаштың анасына балаған қасиетті Қызылорда облысының қызымын. Қазақ жастарының тұңғыш көшбасшысы, атақты Ғани Мұратбаевтың дүниеге келген киелі Қазалы ауданының тумасымын. Қалың қазақтың ортасында өст ...

Ж.Түймебаев: Қазақ тілінің қоғамдағы қолданыс аясын кеңейту бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Алматы қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік тілді оқыту бойынша «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты бірінші республикалық конгресі өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М.Әзілханов, филология мен лингвистика саласының сарапшылары, қоғам қайраткерлері, тіл жанашырлары, Ассамблея мүшелері, этномәдени және жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты. - Бүгінгі ...

«Қазақ тілін ғылым тіліне айналдыруға мүмкіндік зор»

Қасым-Жомарт Кемелұлы сұхбатында тіл мәселесіне қатысты бірқатар ойларды тайға таңба басқандай етіп, мағыналы мысалдармен жеткізіпті. Мақалада айтылған әрбір ойдың маңызды салмағы – елдік мәселе. Әсіресе, бүгінде елімізде қазақ тілін еркін меңгерген біз сияқты өзге этнос өкілдеріне көптеген мүмкіндіктер қарастырылатыны қатты қуантты. Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген сөзін есімізден шығарған емеспіз. Тілдің төрден орын алуына біздің де қосар ...
  relevance date