Қазақстан халқы Ассамблеясы
 
Found: 10
Where: tags — ЖОО [x] ғалымдар [x] Нұр-Султан қалаласы [x] көшбасшылар [x] Jas Otan [x] Жаңғыру жолы [x] кездесу [x] 26-27 қыркүйек [x] республикалық семинар-тренинг [x] татулық [x]

Ж.Түймебаев: Татулық пен келісім - басты байлық ел үшін

Биыл еліміз Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын атап өтуде. Елбасы құрған бірегей институт айтулы дата аясында Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясатының мәні мен мақсатын ашып көрсете отырып, Қазақстан халқын біріктіруге басымдық берді. Жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің, ішкі тұрақтылық пен этносаралық қатынастардың, мәдениетаралық диалог пен толеранттық көзқарастардың ілгерілеуіне ықпал етті. Елбасының Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұ ...

ҚХА-Түркістан: Елде ауызбіршілік пен татулықтың болуы – Ассамблеяның сәтті жемісі

Жылдар бойы қазақтардың тарихи мекенінде әралуан мәдениеттің, дін мен дәстүрлерді ұстанған көптеген халықтардың тағдыры тоғысты. Нәтижесінде бірқатар этнос және конфессия өкілдері қазақтармен қоян-қолтық бейбіт өмір сүретіндей айрықша жағдай қалыптасты. Сонымен қатар, түрлі этностардың ұзақ уақыт қатар өмір сүруі қоғамда төзімділіктің орнықты дәстүрлерін қалыптастырды. Егемендіктің алғашқы күнінен бастап қоғамды ұйыстыру, барлық этностық топтардың тең құқықты өмір сүруін қамтамасыз ету мемлекетт ...

Қызылордада жас көшбасшылар «Бір Отан» жобасының жүзеге асыру мәселесін талқылады

Қызылордада облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мен аймақтық «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты көшбасшыларының кездесуі өтті. Оның барысында екі ұйымның бірлескен «Бір Отан» жобасын жүзеге асыру мәселесі қарастырылып, әріптестік бағытты нығайту мақсатында этнос жастары «Jas Otan» жастар қанатының мүшелігіне қабылданды. Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап «Жаңғыру жолы» мен «Jas Otan» бірлесе отырып «Бір Отан» жобасын жүзеге асыруды қолға алма ...

Елордада қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік мақсаттары талқыланады

26-27 қыркүйек аралығында Нұр-Султан қалаласында «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік мемлекеттік саясатын іске асырудағы азаматтық қоғам институттары» тақырыбында республикалық семинар-тренинг өтеді. Семинар-тренинг жұмысына лекторлар мен тренерлер ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының мамандары, отандық ғалымдар мен сарапшылар қатысады деп күтілуде. Республикалық семинар-тренинг барысында Қаза ...

Белсенді жастар Қызылорда облысының киелі жерлерін аралап көрді

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділерінің слеты шеңберінде «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық экспедициясы ұйымдастырылды. Жастар тарихи-мәдени мұраларға саяхат жасап, орта ғасырлық қалалар, музейлер, сондай-ақ археологиялық ескерткіштер мен кесенелер тарихымен танысу арқылы осы заманға келіп жеткен этнографиялық мұраларды насихаттауға мүмкіндік алды. Тарихи-танымдық экспедициясы Түркістан облысының батысынан 40 шақырым қашықтықта орналасқ ...
  relevance date