Қазақстан халқы Ассамблеясы
 
Found: 64
Where: tags — наурыз көже [x] қасиетті алау [x] Қазақстан халқы Ассамблеясы [x] Маңғыстау [x] Амал мерекесі [x] амал [x] әлеуметік хакатон [x] кездесу [x] жастар қозғалысы [x] этностар [x]

Қарағандыда жастар қозғалысы облыстық штабының отырысы болды

Қарағанды қаласы Достық үйінде Тәуелсіздік күніне арналған «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы облыстық штабының отырысы өтті. Шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, тарихшылар, студенттер және штаб мүшелері қатысты. Санитарлық талаптарға сәйкес, қалғандары онлайн қосылды. Кездесуде "Тәжік диаспорасы" этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы - Шакарбек Норматов, Қарағанды медицина университетінің оқытушысы, "ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісінің иегері ...

Көкшетау: Арнайы көрме-экспозицияда қазақ халқының мол қолөнер үлгілері таныстырылды

Көкшетау қалалық қазақ кітапханасында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы облыстық Аналар кеңесінің «Қыз тәрбиесі ұлт тәрбиесі» жобасын іске асыру мақсатында «Халық қолөнері – халық қазынасы» атты шеберлік сағаты өтті. Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, іс-шараның басты мақсаты - қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету, қазақтың ежелгі салт-дәстүрлерін сақтай отырып, ...

Ләйлә Төрешова: Алаштың анасына баланған қасиетті Сыр өңірі

Биыл Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылғанына ширек ғасыр толады. Осы уақыт аралығында ол ұлттар арасындағы татулық пен бірліктің, қоғамдағы тұрақтылықтың алтын көпіріне айналды. Қиын жылдарда Сыр өңірінен сая тапқан сан ұлттың ұрпақтары бүгінде туған жерді түлетуге еңбек сіңіріп келеді. Мереке қарсаңында Қызылорда облыстық ҚХА-ның хатшысы Ләйлә Төрешовамен әңгімелескен едік. - Ләйлә Бегалықызы бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық бірегей институтқа айналып, елімізде тұрақтылық пен кел ...

Юлия Кан: Өмірімнің ең қиын сәттерінде аяғымнан тік тұруыма себепкер болған қасиетті қара жерге шексіз қарыздармын

Өткен жылдың соңында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстанды құтты қоныс санайтын ауыл әйелдерінің ІІ форумына біздің өңірімізден әр салада жемісті еңбек етіп, ауылдың өркендеуіне үлес қосып жүрген 13 делегат барған болатын. Әрқайсысын тағдыры әртүрлі түрлі, тіпті кейбірінің бастан кешкен оқиғаларынан фильм түсірсе де болатындай. Сондай тағдырлы жандардың бірі – Юлия Кан. Өте қарапайым, жүзі жылы, мейірімді жан – Көшімнің бойын жайлай қонып, көкөністің алуан түрін өсірумен айналысып келе жатқан ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында ...
  relevance date