«Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ
Қауымдастық 1999 жылдың 4 наурызынан бастап жұмыс істейді. Ол 45-тен астам славян қоғамдық бірлестіктерін біріктіреді. Қауымдастықтың Қазақстанның 16 аймағында филиалдары бар. 2004 жылы бірлестік қайта тіркеуден өтіп, оның құрылтайшыларының құрамына ең ірі славян қоғамдық ұйымдарының өкілдері кірді.
![]()
Ресурстық база: Орыс тілінде газеттер мен журналдар шығады, республикалық ақпараттық бюллетень жұмыс істейді. Республикада 10-нан астам әдеби-шығармашылық бірлестік бар. Орыс драма театрлары құрылған, оның ішінде атап айтар болсақ, Алматы қаласындағы Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Астанадағы М.Горький атындағы орыс драма театры, Талдықорған, Көкшетау, Қостанай, Шымкент қалаларындағы орыс театрлары бар. Этномәдени орталықтар жанында жексенбілік мектептер, вокалды және хореографиялық ансамбльдер жұмыс істейді.
Басшысы: Басшысы: Божко Владимир Карпович
Басты жобалар: Қауымдастық жергілікті атқарушы билікпен бірлесіп, қазақ тілін оқыту жобасын жүзеге асыруда. 2006 жылдан бастап «Қазақстандағы мемлекеттік тіл» және «Қазақстандағы орыс тілі» курстары жұмыс істейді.
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің демалысы мен емделуін ұйымдастыруға, жазғы сауықтыру лагерлерінде балалардың демалысын ұйымдастыруға көмек көретіп келеді. ҰОС ардагерлеріне арнап жыл сайын «Біздің батырлар» фотокөрмесі өткізіледі.. Рождество, Масленица, Медовый спас, Пасха мерекелеріне мәдени шаралар тұрақты ұйымдастырылады.
Жыл сайын «Орыс этностарының тілі, мәдениеті мен дәстүрлері күндері» сериялы іс-шаралар, «Барлығына арналған кітап» акциясы өткізіліп келеді.
Байланыс мәліметтері
Астана, Б.Момышулы даңғ., 26
Телефондар: +7 701 750 21 56
e-mail: arsk_kaz@mail.ru
26 Сәуір, 20:06
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
30 Сәуір, 21:13
«Халық әуендері» ноталар жинағының тұсаукесері өтті
вчера, 16:02
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
вчера, 12:42
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
вчера, 12:29
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы