Қазақстан орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы
Қауымдастық 1999 жылдың 4 наурызынан бастап жұмыс істейді. Ол 45-тен астам славян қоғамдық бірлестіктерін біріктіреді. Қайымдастықтың Қазақстанның 16 аймағында филиалдары бар. 2004 жылы бірлестік қайта тіркеуден өтіп, оның құрылтайшыларының құрамына ең ірі славян қоғамдық ұйымдарының өкілдері кірді.
![]()
Ресурстық база: Орыс тілінде газеттер мен журналдар шығады, республикалық ақпараттық бюллетень жұмыс істейді. Республикада 10-нан астам әдеби-шығармашылық бірлестік бар. Орыс драма театрлары құрылған, оның ішінде атап айтар болсақ, Алматы қаласындағы Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Нұр-Сұлтандағы М.Горький атындағы орыс драма театры, Талдықорған, Көкшетау, Қостанай, Шымкент қалаларындағы орыс театрлары бар. Этномәдени орталықтар жанында жексенбілік мектептер, вокалды және хореографиялық ансамбльдер жұмыс істейді.
Басшысы: Терещенко Сергей Александрович.
Басты жобалар: Қауымдастық жергілікті атқарушы билікпен бірлесіп, қазақ тілін оқыту жобасын жүзеге асыруда. 2006 жылдан бастап «Қазақстандағы мемлекеттік тіл» және «Қазақстандағы орыс тілі» курстары жұмыс істейді.
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің демалысы мен емделуін ұйымдастыруға, жазғы сауықтыру лагерлерінде балалардың демалысын ұйымдастыруға көмек көретіп келеді. ҰОС ардагерлеріне арнап жыл сайын «Біздің батырлар» фотокөрмесі өткізіледі.. Рождество, Масленица, Медовый спас, Пасха мерекелеріне мәдени шаралар тұрақты ұйымдастырылады.
Жыл сайын «Орыс этностарының тілі, мәдениеті мен дәстүрлері күндері» сериялы іс-шаралар, «Барлығына арналған кітап» акциясы өткізіліп келеді.
Байланыс мәліметтері
050010, Алматы, ул. Құрманғазы, 40, Достық үйі, 35 кабинет
Телефондар: +7 (7272) 72 59 58, +7 (7272) 66 32 22
e-mail: arsk_kaz@mail.ru
22 Қаңтар, 20:45
Елордада қарақалпақ ұлтының қаһармандық дастанына арналған конференция өткізілмек
20 Қаңтар, 11:29
Алматы облысының Достық үйі ертегілерді жазу бойынша аймақтық байқау бастайды
22 Қаңтар, 11:08
Өскемен қаласының Достық үйінде жас келіндерге арналған шеберлік сағаты өтті
19 Қаңтар, 10:38
Өскеменде ҚХА меценаттар клубының мүшелері марапатталды
20 Қаңтар, 10:41
Жамбыл облысында мектеп медиациясы қызметін құру мәселелері талқыланды
САУАЛНАМА
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің алғашқы республикалық форумы қашан өтті?
2011 жылдың 7 қыркүйегі 2013 жылдың 24 сәуірі 2014 жылдың 13 қарашасы