Қазақстан халқы Ассамблеясы

«Тұран» әзірбайжандар конгресі

«Тұран» әзірбайжан мәдени орталығы 1992 жылы 29 мамырда тіркелген. 2000 жылы "Озан" Алматы әзірбайжандар қоғамы, "Ташкент әзірбайжан мәдениет орталығы" және "Бішкек әзірбайжан мәдениет орталығы" жалпы жиналысының шешімімен ол "Тұран" әзірбайжандар конгресі болып қайта құрылды. Әзірбайжандық қауымдастықтар Қазақстанның көптеген аймақтарында құрылды, Жамбылда - «Азери», Павлодарда - «Ватан», Қостанайда - «Гейдар», Маңғыстауда - «Достлук», Алматыда - «Озан».

Этномәдени бірлестіктер Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы «Әзірбайжандар қауымдастығы» жастар ісі жөніндегі комитеті мен мәдениет комитетінің өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық шараларына қатысады.


Ресурстық база: "Ватан" газеті әзірбайжан тілінде шығады. Курстар мен сабақтар мемлекеттік және ана тілдерін, әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді, музыка мен билерді үйренуге арналған. Қазақстан Республикасының «Әзірбайжандықтар қауымдастығында» Рита Асланованың жетекшілігімен «Бахар» би ансамблі жұмыс істейді. Халық аспаптық және фольклорлық топтар бар. Алматы, Павлодар облыстарында жексенбілік мектептер құрылды, оларда әзірбайжан этникалық тобының ана және мемлекеттік тілдерін, әдебиетін, тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін және өнерін оқытады.

Басшысы: Хамедов Абилфас Муслимович

Негізгі жобалар: Қазақстан Республикасының «Тұран», «Әзірбайжандықтар қауымдастығы» АҚ жыл сайын «Жас таланттар Колдайы», мемлекеттік тілді білуге ​​арналған «Тілім - тірлігімнің айғағы» шараларын өткізеті және қайырымдылық іс-шаралары аясында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көмектеседі, 31 желтоқсан бүкіл әлемдегі әзірбайжандардың Ынтымақтастық күніне қатысады.

Байланыс мәліметтері

Алматы, Тимирязев к-сі, 111 А

Телефондары: +7 (7272) 75 60 17; +7 702 542 00 06

Возврат к списку