Қазақстан халқы Ассамблеясы

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-гі Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары Елбасы – Н.Ә.Назарбаетвың ұсынысы бойынша еліміздің ЖОО-нда 2013 жылдан бастап құрыла бастады. Алғашқысы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нде 2013 жылдың 28 маусымында құрылды. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасындағы Меморандум негізінде ашылды.

Кафедраның ашылудағы мақсаты – оқу үдерісіне студент жастардың бойына патриоттық сезімді оятатын, толеранттық ұлттық сана-сезімді ұялататын, рухани бірегейлікті дәріптейтін пәндерді енгізу болатын.

Міндеттері қатарына – қазақстандық этносаралық келісімнің ғылыми негіздерін зерделеу, Қазақстан халқы Ассамблеясымен әрдайым байланыста болып, университет қабырғасында этномәдени бірлестік өкілдерімен тығыз байланыс орнатып, кездесулер өткізу және еліміздегі ұлтаралық және дінаралық келісімді ғылыми сүйемелдеу б.т. жатқызуға болады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары үлкен Ассамблея идеяларын елге, қалың бұқараға таратушы құралына айналды. Бұл кафедралар біздің түсінігіміздегі типтік кафедралар емес. Кафедралар барша әлемге танылған, этносаралық қатынастардың қазақстандық моделімен байланысты мемлекеттік саясатты тәжірибелік тұрғыда жүзеге асыруда.

ҚХА кафедрасы қызметінің негізгі бағыттары:

1. Ұйымдастырушылық жұмыстар. Ғылыми-практикалық іс-шараларды әзірлеу және оларды өткізу. Кафедрада елімізге аты әйгілі тұлғалармен (саясаткерлер, депутаттар, олимпиада чемпиондары, спортшылармен, этномәдени орталық өкілдері), студент жастарды тарта отыра түрлі форматтағы кездесулер: дөңгелек үстел, конференциялар, кездесу-сұхбаттар өткізіліп отырады. Мұндағы мақсат – жастардың бойына еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру болса, екіншіден сол аты мәшһүр тұлғалардың бай өмірлік тәжірибесімен таныстыру болып табылады.

2. Оқу-әдістемелік қызмет. Университет қабырғасында тәлімгерлерге ұлтаралық келісімді, патриоттық сезімді, ұлттық сананың жаңғыруын насихаттайтын арнайы оқу бағдарламарын әзірлеу және оқыту. Кафедра оқытушы-профессор құрамы «Этникалық толеранттылық негіздері», «Мәңгілік Ел құндылықтары» және «Рухани Жаңғыру» атты пәндердің жұмыс-оқу бағдарламасын әзірлеп, 1 курс студенттеріне оқытуда.

3. Ғылыми-әдістемелік зерттеулер. Кафедра оқытушы-профессор құрамының аздығына қарамастан, кафедра мүшелері тарапынан қазақстандық этносаралық келісім моделіне, ұлттық бірегейлік мәселесіне, этномәдени бірлестіктердің қызметіне арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары жарық көрді.

Қазіргі таңда еліміздің бірқатар ЖОО-нда 40-тан астам ҚХА кафедралары ашылды. Сондай-ақ, осы кафедраларды біріктіретін ҚХА кафедралар Қауымдастығы құрылған болатын.

 

Кафедра

ТАӘ

Оқытушы-профессор құрамы

1

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы

Башмаков Анатолий Афанасьевич

Кафедра меңгерушісі – э.ғ.д., профессор

2

 

Маслов Халил Борисович

Доцент, PhD докторы.

 

     3

 

Төлеубаев Жәнібек Зейноллаұлы

Аға оқытушы, магистр.

 

Байланыс телефондары: 709-500 (ішкі 31-213)

E-mail: kafedra_ank.enu@mail.ru