Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, 
ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі

Жансейіт Қансейітұлы ТҮЙМЕБАЕВ

ҚазСРО,  Оңтүстік Қазақстан облысының Алғабас ауданының Қайнар ауылында 1958 жылы 8 шілдеде дүниеге келген – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері, дипломат, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Төтенше және Өкілетті Елші.

Білімі:

  • С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, филология факультеті, Алматы қ. (1980);
  • Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университеті,  құқық факультеті, Мәскеу қ.  (2000);

Ғылыми атағы, дәрежесі, қызметі:

  • Филология ғылымдарының кандидаты, ҚазССР Ғылым академисының тіл білімі институты, (1987);
  • Филология ғылымдарының докторы (2008) ;
  • Тіл білімі мамандығы бойынша Профессор
  • Түркия Республикасы Ниде университетінің құрметті докторы (2014);

Кәсіби тәжірибесі:

  • С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент (1980-1993);
  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Орта және Таяу Шығыс және Африка елдерін басқару бөлімінің меңгерушісі, бірінші хатшысы (1993-1994);
  • Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы (1994-1997);
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бас сарапшысы (1997-1999);
  • Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Бас Консулы (Ыстамбул қ-сы) (1999);
  • Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы (1999-2004);
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының Бастығы (31.03.2004-01.02.2006);
  • Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (01.02.2006-10.01.2007);
  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (10.01.2007-09.2010);
  • Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (10.2010 бастап);
  • Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (03.2011 бастап).
  • Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі (07.10.2016)
    Түркістан облысы әкімі (20.06.2018)

Басқа қызметтері:

  • ТМД елдерінің гуманитарлық ынтымақтастықтың мемлекетаралық қоры басқармасының Төрағасы (2007-2010);
  • «ҰҒТХ Парасат» АҚ директорлар кеңесінің Төрағасы (2008 -2010);
  • Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің қамқоршылар кеңесі төрағасының орынбасары (2007-2010).

Марапаттары:

  • Құрмет ордені (2003);
  • Парасат ордені (2011);
  • «Астанаға 10 жыл» медалі (2008);
  • Қазақстан тәуілсіздігінің 20 жылдығына орай медалі (2011);
  • «Қазақстан мен Түркия арасындағы достықтың нығаюына ат салысқаны үшін» Түркия кәсіпкерлер мен іскерлер Ассоцациясының медалі (2011);
  • «Халықаралық қатынастарда ерекше жетістіктері үшін» Түркия халықаралық туризімінің дамуының тұғырнамасы (TÜTAP) сыйлығы (2011);
  • Қазақстан Конституциясының 20 жылдығына орай медалі (2015);

Еңбектері:

  •  «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» (Алматы, 1985 ж.);
  • «Қазіргі тіл лексикологиясы» (Алматы, 1986 ж.);
  • «Қазақ тіліндегі етістіктің индикативті нысандары» (Алматы, 1991 ж.);
  • «Қазақ тілі» (Алматы, 1991 ж.);
  •  «Қазақ тілі: Грамматикалық анықтама» (Алматы, 1996 ж.);
  • «Қазақстан – Түркия: достық пен ынтымақтастыққа 5 жыл» (Анкара, 1996 ж.);
  • «Президенттің бір жылы» (Астана, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005 жж.);
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік протоколы» (Астана, 2004 ж.);
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік протоколы бойынша практикалық нұсқаулығы» (Астана, 2004 ж.);
  • «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» (Алматы,  2005 ж.);
  • Қазақ-моңғол лексикалық параллельдері: Қазақ тілінің этимологиялық сөздігіне материалдар (Мәскеу,  2005 ж.);
  • «Қазақстан» (Мәскеу,  2006 ж.);
  • «Алтай тілдеріндегі анлаутты еріндік дауыссыздардың мәселесі» (Рамстедт-Пеллио фонетикалық заңының ревизиясы) (Москва, 2005 ж.);
  • «Алтай теориясының және алтайтанудың қалыптасуы және дамуы» (Түркістан, 2006 ж.);
  • «Түрік-қазақ-моңғол этнотілдерінің өзара қатынастарының тарихы» (Алматы,  2006 ж.);
  • «Түркі-моңғол лексикалық параллелдерін тарихи-генетикалық тұрғыдан шектеудің критерийлері  мен теориялық  ұстанымдары»

(Астана, 2008ж.);

  • «Орталық Азия тілдерін зерттеудің өзекті мәселелері. Туран тілдік одағы» (Көкшетау, 2009ж.)
  •  «Қазақстан Республикасындағы білім беру реформасының өзекті аспектілері» (Астана, 2010 ж.);
  • «Қазіргі заманның бірегей ғалым ‒ориенталистісі. Алтаист-түрколог А.Рона-Таштың 80 жылдығы» //Алтаистика и тюркология журналы, 2011ж.
  • «Қазақстан негізгі кезеңдері» (Анкара, 2011 ж., түрік тілінде);
  • «Туран тілдің одағы және Алтайлық ареалдағы тілдераралық, мәдениеттераралық интерференция құбылысы//Түркі дүниесі. Альманах.( Астана, 2012ж.)
  • «Қазақстан. Экономика. Инвестициялар. Маңыздылығы»

 (Анкара, 2012 ж., қазақ және түрік тілінде) ;

  • «Қазақстан –Түркия: жоғары деңгейлі стратегиялық ыңтымақтастық» (Анкара, 2013 ж., қазақ және түрік тілінде);
  • «Қазақстан-Түркия: достық пен ынтымақтастыққа - 20 жыл» (Анкара, 2013 ж.);
  • «Көне түркі жазба ескерткіштірі тілінің морфологиялық жүйесі» (Астана, 2013 ж.);
  • «Алтаистиканың тарихи-лингвистикалық негізі» (Астана, 2013 ж.);
  • «Алтайтануға кіріспе»  авторлық бірлестікте,  (Астана, 2013 ж.);
  • «Түркі филологиясына кіріспе» авторлық бірлестікте,

 (Астана, 2013 ж.);

  • «Түркі жазба ескерткіштерінің тілі» авторлық бірлестікте,

(Астана, 2013 ж.);

  • «Қазіргі түркі тілдері» авторлық бірлестікте, (Астана, 2013 ж.);
  •  «Түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы»

авторлық бірлестікте, (Астана, 2013 ж.);

  • «Түркітанудың тарихи лингвистикалық негіздері» (Астана, 2014 ж.);
  • «Қазақ, түрік салыстырмалы граматикасы» (Астана, 2014 ж.);
  • БАҚ бірқатар басылымдарының авторы

«ТҮРКІТАНУ» СЕРИЯСЫ

1

ТҮЙМЕБАЕВ Ж., ЕСКЕЕВА М.  Түркітанудың тарихи- лингвистикалық негіздері.        

2

ТҮЙМЕБАЕВ Ж., САҒИДОЛДА Г. Алтаистиканың тарихи- лингвистикалық негізі. (Фонетика. Морфология).     

 

3

 

ТҮЙМЕБАЕВ Ж., ЕСКЕЕВА М.

Көне түркі жазба ескерткіштері тілінің морфологиялық жүйесі.                                       

 

4

 

ТҮЙМЕБАЕВ Ж., САҒИДОЛДА Г., ЕСКЕЕВА М.

Түркі   тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы. (Фонетика. Морфология).      

 

5

 

ТҮЙМЕБАЕВ Ж., САҒИДОЛДА Г.

Қазақ және түрік тілдерінің салыс-тырмалы-сипаттамалы грамматикасы (Фонетика. Морфология)                                                                

 

6

 

ТҮЙМЕБАЕВ Ж., САҒИДОЛДА Г.

Қазақ және татар тілдерінің салыс-тырмалы-сипаттамалы грамматикасы.  (Фонетика. Морфология).                                        

 

7

 

ТÜYMEBAYEV J.,  ESKEYEVA M. Тürkolojinin Tarihî Dilbilimsel  Esasları.   (Түрік тілінде)                          

 

8

 

ТҮЙМЕБАЕВ Ж., ЕСКЕЕВА М., САҒИДОЛДА Г.

Мәңгілік ел идеясын дамытудың лингвистикалық негізі.

9

 

ТҮЙМЕБАЕВ Ж., ЕСКЕЕВА М. УСМАНОВА М.

Қазақ және башқұрт тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.                                        

10

 

ТҮЙМЕБАЕВ Ж., ЕСКЕЕВА М., АБДИНАЗИМОВ Ш.

Қазақ және қарақалпақ тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.