Қазақстан халқы Ассамблеясы

Сабри Асанов: 1 наурыз - атамекенінен айырылған әр жанның қайта жаңғырған ұлы күні

Көктемнің алғашқы күні, 1 наурыз – Алғыс айту мерекесімен барша қазақстандықтар мен жерлестерімді шын жүректен құттықтаймын! Қазақ елі үшін де, осындағы барша этнос өкілдері үшін де Алғыс айту күні өте маңызды, әрі тарихи мереке.


Бұл – тар жолда тайғақ кешкен қаншама ұлт өкілдеріне пана болған қазақ халқының қамқорлығы мен мейірімділігіне деген ерекше құрметті білдіреді. Бұл мейрам – ортақ Отанымыз, өз шаңырағымызға айналған Ұлы далаға деген ыстық ықыласымыздың белгісі. Жыл сайын дәл осынау күні халықтар достығын нығайтатын, ізгілікке үндейтін Алғыс айту күнін атап өтеміз.

Өмірде тыныштықтан асқан байлық та, бақыт та жоқ. Біздің басты құндылығымыз – бейбітшілік пен біртұтастық. Елімізді қуатты ететін де осы қасиеттер. Өскелең ұрпақ Отанды шексіз сүйіп, біздің ауызбірішлігіміз сақталған осы үрдісті одан әрі жалғастырса, көркейтсе, өркендетсе екен. Бұл кез келген қазақстандықтың көкейіндегі арманы.

Сондықтан, ұлтым күрд болса да, менің Отаным, туған жерім – Қазақстан. Мен Қазақстанды ешбір байлыққа айырбастамаймын!

Сондай-ақ, бұл мерекені ерекше ықыласпен және зор қуанышпен тойлауымыз керек деп білемін. Бұл күн атамекенінен айырылған әр жанның бір ортаға жиылып ұлт ретіндегі құндылығын қайта жаңғыртқан ұлы күні.

Отаныма, киелі қазақ жеріне, қайырымдылығы мен кеңпейілдігі, даналығы мен қонақжайлығы үшін қазақ халқына алғыс айтамын!

Алғыс айту мерекесі - біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні.

Сабри Асанов,

ҚР «Барбанг» күрділер ассоциациясының

Жамбыл облысындағы филиалы»

қоғамдық бірлестігі ақсақалдар кеңесінің мүшесі

Возврат к списку