Қазақстан халқы Ассамблеясы

«Тәуелсіздік полюсі» экспедициясының қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алу рәсімі

2017 жылғы 11 қаңтарда сағат 04.45-те Алматы қ. Халықаралық әуежайында «Тәуелсіздік полюсі» экспедициясын салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтеді. 

Іс-шараға ҚХА, «Қазақ Географиялық Қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар қауымы, қала тұрғындары мен қонақтары, БАҚ қатысады. 
«Тәуелсіздік полюсі» антарктикалық экспедициясы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өткізіліп, ҚП Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. 

Жобаның серіктестері: «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі, «Қазақ ұлттық географиялық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі, Назарбаев университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Д.С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ. 

***

«Тәуелсіздік полюсі» алғаш қазақстандық шаңғы экспедициясының қатысушылары Оңтүстік Полюсті бағындырып, көздеген мақсаттарына жетті.

Төрт қазақстандық азамат 217 км. шаңғымен жүріп өтсе, 16 желтоқсан күні Мағжан Сағымбаев пен Ілияс Ғалымов ҚР мемлекеттік туын Антарктидадағы Винсон шыңына орнатты. Экспедицияның ғылыми қызметкерлері экология биология салаларында, сондай-ақ Антарктиданың экстремалды жағдайларының адам ағзасына тигізетін әсеріне байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізді. 

_____________
email: domdruzhby73@mail.ru,  aigul.aliyassova@kazgeo.kz,   
mob:   +7 701 715 75 78, 8 700 492 35 13, 
tel:    8(727) 272 49 70, 272 59 15, 8 (727) 2 500 454 вн. 50454