
03 Наурыз, 2016
1297
«Қазақ халқына мың алғыс» монументі жанындағы митинг
1 наурыз күні Қаратал ауданы Бастөбе тауының етегінде «Қазақ халқына мың алғыс» монументінде Алғыс айту күніне арналған салтанатты митинг өтті. Іс-шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.Өнербаев, Қаратал ауданының әкімі Қ.Бисембаев, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай және «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығы» КММ директоры Ж.Сәдеков, облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы, Ассамблея жанындағы жетекші журналистер және сарапшылар тобының төрағасы Идигов Атсалим Саламович, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктер төрағалары, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты митинг «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қоюдан басталып, Қазақстан Республикасының Гимні орындалып Мемлекеттік Туды желбіретіп алып өтті.
Алғашқы құттықтау сөзді облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев сөйледі. Ол 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы №173 Жарлыққа қол қойылғаны туралы айтып өтті.
Келесі сөз Қаратал ауданының құрметті азаматы Гвак Михайл Николаевичке берілді. «Алғыс айту күні бұл - тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі» деді ол өз сөзінде.
Облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы, Ассамблея жанындағы жетекші журналистер және сарапшылар тобының төрағасы Идигов Атсалим Саламович өзінің сөзінде саяси құғын-сүргін кезінде қазақ жеріне жер аударылып келгендердің өмірі, оларды жергілікті халықтың қалай паналатқаны жайлы айтып өтті.
Аслан-оглы Гульханум Мамедқызы Оян ауылындағы орталау мектепте «Орыс тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Ол өз сөзінде Қазақстан 130-дан астам ұлт пен ұлыстың Отаны болып отырғандығын, тағдыр талайымен қазақ жеріне келген өзге этнос өкілдері бір атаның баласындай, бір қолдың саласындай тату-тәтті өмір кешіп жатқанын айтып өтті. Саяси қуғын-сүргін кезінде Қазақстанға кәріс, шешен, күрд, неміс секілді этнос өкілдері күштеп көшірілген. Алайда, ежелден бауырмал, достыққа берік қазақ халқы жат жерден келгендерді қақпайламай, қайта бауырына басып қамқорлық көрсеткені туралы мысалдар келтірді.
Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үйлесім, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.
Бұл - күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Кездесу соңында Қаратал ауданының оқушылары «Қазақ халқына тағзым» әдеби-көркем шығармашылық композициясын дайындады.
Іс-шара Қаратал ауданының Мәдениет үйінде жалғасып, ЭМБ-нің қолданбалы шығармашылық көрмесі өткізіліп, Гвак Михаил, Аслан-оглы Гульханум, Давлетбаев Умар, Спиридонова Валентина, Момуч-оглы Али, Тенькова Татьяна, Ким Эдуард Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттарымен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті