
13 Маусым, 2017
659
ӨҢІРАРАЛЫҚ ТЕЛЕКӨПІР
Астана қалалық әкімдігінде «Сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамау – бірлік және тұрақтылықтың кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесіп ұйымдастырды. Онлайн режимде өткен басқосуға еліміздің барлық облысымен қатар, Жамбыл облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенді мүшелері, «Ақ желкен» жастар лигасы, «Қоғамдық келісім» КММ және өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстелді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев жүргізді. Ол сыбайлас жемқорлықпен күресте жазалаудан бұрын, оған төзбейтін мәдениет қалыптастыру керек екенін ескертті. Бұл үшін бармақ басты, көз қысты әрекетпен қоғам болып жұмылып күресу қажет.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбайдың айтуынша, жемқорлық еліміздің дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан да ол сыбайлас жемқорлықпен күресуде әрбір азамат белсенділік танытуы керек екенін атап өтті: «Сыбайлас жемқорлық елімізге келетін инвестициялық тартымдылықты бәсеңдететін келеңсіз құбылыс болып саналады. Сондай-ақ, жемқорлық әлеуметтік-экономикалық дамуды барынша тежеп, ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді. Сондықтан да тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сай институттары мен тетіктерін құру кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Мәселен, Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң қабылдады».
Сондай-ақ, жиында Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов, Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Айгүл Көшербаева баяндама жасады. Ал, дөңгелек үстелге қатысқан Жамбыл облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері жоғарыда айтылған тұшымды ойларды тыңдай келе, өз ұсыныстарын айтып, пікірлерін ортаға салды.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
Астана қаласының Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған телекөпір форматындағы іс-шарасы өтті
-
Ассамблея мен Министрлік Алғыс айту күнінде достық телекөпірін өткізді
-
Алғыс айту күніне арналған телекөпір өткізу жоспарлануда
-
ҚХА-ның Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған телекөпірі өтпек
-
Омбыда қарашада Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XVI форумы өтеді
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
16 Маусым, 00:02
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
Ұқсас жаңалықтар
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
Астана қаласының Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған телекөпір форматындағы іс-шарасы өтті
-
Ассамблея мен Министрлік Алғыс айту күнінде достық телекөпірін өткізді
-
Алғыс айту күніне арналған телекөпір өткізу жоспарлануда
-
ҚХА-ның Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған телекөпірі өтпек
-
Омбыда қарашада Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XVI форумы өтеді