Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Сәуір, 2016

1176

Өңірлік ғылыми-әдістемелік семинар

 2016 жылғы 14 сәуір күні  М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің  конференц-залында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге «Орта және жоғары мектеп жүйесінде көптілді білім беруді дамыту мәселелері» тақырыбында өңірлік ғылыми-әдістемелік семинар болып өтті. Семинарға осы университет ректорының бірінші орынбасары,  тарих ғылымдарының докторы Әсет Сембайұлы  Тасмағамбетов, облыстың және Манғыстау, Ақтобе, Атырау облыстарынан келген  жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары,  мектеп мұғалімдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен ғылыми-сараптама тобының мүшелері қатысты. 

Іс-шараның мақсаты  -  жоғары білім мәнмәтініндегі көптілділік тақырыбын талқылап, жоғары және орта мектептер ұстаздары арасында тәжірибемен бөлісу.

Жалпы отырыс барысында оқытушылар М.Өтемісұлы атындағы уиверситетте көп тілді білім беру бағдарламасын жүзеге асыру туралы айтып берді, Орал қаласының Назарбаев зияткерлік мектебіндегі үштілділікті енгізудің жеті  ерекшелігі, жоғары  білім мәнмәтініндегі көптілділік туралы айтты.

Барлық этностар өкілдерінің мемлекеттік тілді игеруіне қолдау көрсету Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіндегі басты басымдық болып табылады және солай болып қала бермек. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аталып өтетін жылы Ассамблея мемлекеттік тілді оқыту және қазақстандық бірегейлікті нығайту бойынша көлемді жобалар мен іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Осы іс-шаралар шеңберінде өтетін тәжірибемен бөлісу тілдік және мәдени алуан түрлілікті құрмет тұту қағидаты негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін шешуге, жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға, мемлекеттік тілді оқыту қажеттілігін насихаттауға, этностардың рухани бірлесуін нығайту мен халық дәстүрін сақтауға  мүмкіндік береді. 

 

   

 
БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ 

Кейін қарай