Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Қыркүйек, 2015

1493

«Ұлы Дала елі» экспедициясы (Экспедицияның 2-күні)

2015 жылғы 14 қыркүйекте «Ұлы Дала елі» тарихи-мәдени экспедициясы Май ауданында жалғасты. Бұл ауданда Қазақ хандығының тарихымен байланысты атақты «Қалмаққырған», жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыста қазақ әскерінің жоңғарларға есеңгірете соққы беріп, атажұртты жаудан тазалаудың басы болған тарихи жер бар.

Бүгінде бұл жер Сарыарқаның ойлы-қыратты даласында өзінің тастақты сипатымен ерекшеленеді және тұтастай алғанда, табиғатының көркемдігімен көз тартады. Халық ауыз әдебиетінде Олжабай батыр бастаған қазақтар мен жоңғарлардың арасындағы тарихи қақтығыс тап осы жерде болған деген дерек бар. Жоңғар жауынгерлері жерленген тас үйінділері де соны айғақтайды. Тұтастай алғанда, бұл жердің ғылыми-тарихи құндылығы зор, археологиялық және этнографиялық жұмыстарды бастау үшін үлкен қызығушылық тудырады.

Қалмаққырғанда 1930 жылы Қаныш Сәтпаевтың басшылығымен жас қазақ жазушысы Мұқтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасы бойынша театр көрсетілімі қойылған атақты үңгір бар. Қаныш Имантайұлының өзі Кебектің рөлін ойнағанын атап өту керек, үңгірге кіреберісте ол өзінің атын жазып қалдыруы көп жайдан хабар береді. Бұл жерде көптеген аты танымал қоғам қайраткерлері болғанын айта кетуіміз керек.

Ақшиман селосында Май ауданы әкімшілігінің қолдауымен жергілікті халықпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында экспедицияның негізгі ғылыми және қоғамдық мақсатары мен міндеттері түсіндірілді. Өңірде тарихи туризмді дамыту бойынша ұсынымдар жасалды.

Қайрат Батталов, тарих ғылымдарының кандидиты,

С.Торайғыров атындағы ПГУ профессоры

Павлодар облысы әкімі аппаратының

“Қоғамдық келісім” КМУ медиа қамту бөлімі

Кейін қарай