
03 Наурыз, 2016
811
«Ұлы даланың мәңгілік тілі»
Қазақстан кеңестен кейінгі кеңістікте даусыз тілдік саясаттың бірегей моделін құра алған елдердің бірі, нәтижесінде аймағында тұрып жатқан барлық этностардың тілін еркін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Бұған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған салиқалы саясаты себеп болды Ол әр сөйлеген сөзінде қазақстандықтар үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру қажет деп, осы мәселеген жиі назар аударады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Нұр ана» қоғамдық бірлестігі «Ұлы даланың мәңгілік тілі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге №24 және №38, Кенжекөл орта мектептерінің оқытушылары мен оқушылары, сонымен қатар «Стикс» кәсіби бағытты мектеп оқушылары шақыртылды. Іс-шараға облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Оразгелді Әліғазыұлы Қайыргелдинов, «Эльбрус» қабарда-балқар және қарашай-черкес ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мария Алботовна Байрамкулова және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Бірлік» студенттік ассамблеясының төрағасы Рамиль Смаилов қатысты.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің бір сөзінде - тіл қарым-қатынас, байланыс құралы, сондай-ақ ол «Қазақстан халқын біріктіре алатын мықты құрал бола алады» – деген. Бүгінгі таңда Қазақстан халқын біріктірудің ең маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әр азаматының міндеті. Қазақстандықтардың тілдік бірлігі тұрақтылық пен өркендеу кепілі, ал қазақ және орыс тілдері өзара қарым-қатынас пен өзара құрметтің символы болып табылады.
«Мемлекеттік тілді, ұлтаралық қатынас тілін және халықаралық тілдерді білу азаматтарға өзін-өзі тану үшін зор мүмкіндіктер туғызады, білім өрісін айтарлықтай кеңейтеді, сондай-ақ, өз еліне пайдалы, білікті маман болуға жағдай туғызады», – деді С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Бірлік» студенттік ассамблеясының төрағасы Рамиль Смаилов.
Іс-шара шеңберінде «Мың бала» республикалық конкурсының жеңімпазы, №24 мектеп оқушысы Харчук Марина мемлекеттік тілде Астана қаласында сайыстың қалай өткені туралы айтты және «Өз елім» әнін орындап берді. Сондай-ақ, іс-шара шеңберінде «Стикс» мектебінің оқушылары Иванова Дарья «Жаса, Қазақстаным» әнін, Ляхова Юлия «Алтын бесік» әнін орындады.
Айтпаев Мақсат
Смағұлова Назыгүл
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы өтті
-
Астана қ. Достық үйінде ҚХА «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
Петропавлда Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шаралар басталып кетті
-
Шұбарқұдық ауылында Ұлы Даланың дәстүрлеріне негізделген бірқатар шара өтті
-
Өскеменде «Рухани жаңғыру – Мәңгілік ел болашағы» облыстық фестивалі өтті
-
Көкшетауда қазақ тілін меңгеруге бағытталған «Мәміле» жобасының авторымен кездесу өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
сегодня, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы өтті
-
Астана қ. Достық үйінде ҚХА «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
Петропавлда Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шаралар басталып кетті
-
Шұбарқұдық ауылында Ұлы Даланың дәстүрлеріне негізделген бірқатар шара өтті
-
Өскеменде «Рухани жаңғыру – Мәңгілік ел болашағы» облыстық фестивалі өтті
-
Көкшетауда қазақ тілін меңгеруге бағытталған «Мәміле» жобасының авторымен кездесу өтті