
26 Сәуір, 2017
761
«Қоғамдық бастама – 2017» жобасы
Жас өскелең ұрпаққа жақсы тәрбие беру өте маңызды, зерделілікке үйрету, басқа адамның қайғысына ортақ болу, аяушылық білдіріп, адамдарға көмек көрсету – осындай істерге біз Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жастар қанатының белсенділерін үйретеміз. «Қайырымды ел» жалпыұлттық акциясы аясында осымен екі жыл қатарынан «Қоғамдық бастама-2017» әлеуметтік жобалар конкурсы өтуде. 5 сәуірде белсенділер 2 жобаны ұсынды, оның аясында Қызылжар ауданының Соколовка ауылындағы балалар үйінің жетім балаларына және Даун синдромы бар балаларға көмек көрсетілмек.
«Самұрық» командасы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік университеті студенттік ректоратының арқасында тағдыр тәлкегіне ұшырап, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға концерттік бағдарлама, спорттық құрал-жабдықтар мен шығармашылыққа арналған жиынтық түрінде сыйлықтар беріп, қызықты ойындар ойнап болған соң, шай ішті. Белсенділеріміз үйге қайтуға асықпады, осындай қысқа уақытта балғындармен жақындасып қалып, қош айтысуға қимады.
«Дуслык» татар-башқұрт орталығы жастар қанатының командасы «Солнечный дом» мамандандырылған қорындағы Даун синдромы бар балаларға құм терапиясы үстелін, сондай-ақ клоунмен ойындар, сабын көпіршіктерінен шоу және тәтті сыйлықтар берді.
Әр топ жобаларын іске асыру үшін 30 000 тг мөлшерде қаржы алды және орындауға 2 апта мерзім берілді. 24 сәуірде қазылар алқасы іске асырылған үздік жобаны анықтады.
Қазылар алқасы құрамында: облыс әкімінің мүмкіндіктері шектеулі жандармен жұмыс жөніндегі кеңесшісі Бусыгина С.А., «Қамқор» облыстық мүгедектер қоғамының әлеуметтік жобаларды үйлестірушісі Ковыляева О.В., «Мы вместе» қайырымдылық балалар қорының құрылтайшысы Андреева Е.М., «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Литт И.В. және сараптамалық-талдау бөлімінің басшысы Құсайынова Г.Б. болды.
Ақтық кездесуге студенттік ректораттың өкілдері, «Солнечный дом» қорының балалары мен ата-аналары, сондай-ақ Даун синдромы бар балаларға арналған қордың өкілдері шақырылды. Барлық конкурсқа қатысушылар алған жарқын әсерлерімен бөлісіп, конкурсты ұйымдастырушыларға алғыс сөздерін аямады. Іске асырылған жобалармен танысқан соң қазылар алқасының мүшелері жеңімпазды жариялады. 1-орын – «Дуслык» татар-башқұрт орталығының жастар қанаты командасына (жетекшісі – Мустафина Руфия), 2-орын «Самұрық» командасына (жетекшісі – Алпысова Камила) берілді. Командаларға ақшалай сыйлықтар және грамоталар тапсырылды.
Жастарды қайырымдылық арқылы мейірімді болуға шақыра отырып, осы жобаны жыл сайын өткізуді жоспарлаймыз. Қуанышқа бөленген балалар үшін әркімнің ықылас-ниеті маңызды, олар жаңа достарын асыға күтетін болады және әрқашан шын жүректен қуанады – бұл шынайы алғыс.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды
-
«Folk & Art Performance» жастар шығармашылық жобасы өтті
-
ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ
-
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» жобасы басталды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы аясында II пресс-тур бастау алды
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды
-
«Folk & Art Performance» жастар шығармашылық жобасы өтті
-
ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ
-
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» жобасы басталды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы аясында II пресс-тур бастау алды