Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Қыркүйек, 2015

880

«Өзара түсіністік туралы меморандумға» қол қойылды

2015 жылғы 12 қыркүйекте ҚР Ұлттық Академляық кітапханасының Қазақстан халқы Ассамблеясы залында ҚР Президенті жанындағы  «Қоғамдық келісім» атынан РММ директоры Наталья Калашникова  және Лондон қаласындағы Бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық орталығы атынан орталық директоры, профессор Сидхард Саксена «Өзара түсіністік туралы меморандумға» қол қойды.  

Аталған меморандум шеңберінде: этносаралық қатынастар және қоғамдық келісімді қамтамасыз ету саласында өзара қызығушылық тудыратын ақпаратпен алмасу, өзара іс-қимыл жасау және этносаралық қатынастар саласындағы саясатты іске асыру,  жаһандық деңгейде де, өңірлік деңгейде де бизнес пен саясат арасындағы байланыстарды ынталандыру, шетелде қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттау жөніндегі тетіктерді жетілдіру, этносаралық келісім мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдармен және мемлекеттік органдармен, шет елдердің дипломатиялық миссияларымен, мемлекетаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру, қоғамдық келісімді нығайту бойынша екі тарап өткізетін әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесу, бірлескен ғылыми, оқу және әдістемелік жұмыс жүргізу және нәтижелерін жариялау, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханадағы Қазақстан халқы Ассамблеясының депозитарийі алаңшасында өзара іс-қимыл жасау  көзделген.

Тараптар арасындағы ынтымақтастық халықаралық нормалар мен құқықтарды сақтау, жариялылық, өзара сенім қағидаларына негізделіп, жүзеге асырылатын болады.   

_______________________

 «Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі:

тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13,

+7707 705 12 11,

E-mail: info_rgy@mail.ru

www.assembly.kz

Кейін қарай