Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Желтоқсан, 2017

794

«Үздік медиатор 2017»

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Достық үйінің медиация кабинетінде ҚХА облыстық медиаторларының «Үздік медиатор 2017» атты байқаудың қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті.  

Іс-шараға облыстық және қалалық соттың судьялары, прокуратура өкілдері, этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, Тараз қаласы ҚХА медиаторлары, Байзақ, Шу, Меркі, Жамбыл, Жуалы аудандары мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Байқау облыстық медиация институтын дамыту және насихаттау, қолданыстағы медиаторлардың  жұмыс  жүйелерін еңбекке ынталандыру мақсатында өткізілді. Байқау қалалық және ауылдық медиаторлары болып екі номинация бойынша өтті. «Қалалық медиатор» номинациясы бойынша Л.В.Сафонова, С.И.Амиркенов, Б.Қожа-Зуннун, ал «Ауылдық медиатор» номинациясы бойынша У.Г.Инаркиев, А.Тортаев, Г.Көшекбаева жеңімпаз атанды.

Байқауда Жамбыл облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Убайдуллаева Рано Максудовна, сондай-ақ, татуластыру рәсімдерінің үйлестірушісі, облыстық соттың судьясы Д.Н.Нұрлыбаев, облыс прокурорының көмекшісі К. Бекмуратов және медиаторлар жұмысының менеджері В.Н.Досыбиева сөз сөйледі.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Дата события ассамблеи: 11.12.2017

Кейін қарай