Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Қараша, 2016

616

22 000 талапкердің басын қосқан байқау

Ағымдағы жылдың 24 қарашасында «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында»  «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ТҰҒЫРЫ» іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне                   25 жыл» атты мемлекеттік тілде жалпыреспубликалық шығармалар байқауының  облыстық  кезеңі өтті.

Байқау шартына сәйкес қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай 4 топқа бөлініп:

  • 1 топ – 7-9 сынып;
  • 2 топ – 10-11сынып;
  • 3 топ – кәсіби мектеп оқушылары және колледж білімгерлері;
  • 4 топ – жоғары оқу орындарының білімгерлері, зейнеткерлер, мемлекеттік және басқа да қоғамдық ұйым қызметкерлері бақ сынасты.

Байқау Алматы облысының барлық аудан, қалаларында бірдей уақытта басталып, жалпы 22 000-нан астам  адам қатысты.

Қатысушылар жазба жұмысын қалаулары  бойынша әңгіме, ертегі, хат, очерк, эссе жанрында жазды. 

Іс-шараны  облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай ашып, іс-шараның мақсаты: мемлекеттік тілдің беделін көтеру, сауатты меңгеруге ынталандыру, Тәуелсіз Қазақстанмен мақтану, отаншылдық сезімге баулу, бейбітшілік және қоғамдық келісім идеясын дамыту, өзге этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді еркін меңгеру деңгейін көтеруге ықпал ету екендігін атап айтты.

Үміткерлер мереке қарсаңындағы игі іс-шараға ұйытқы болған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және  «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығына» қаламгер қауымның басын қосып, байқау өткізгендеріне ризашылықтарын білдірді. 

Әділқазылардың қорытындысы бойынша облыстық кезеңнің 15 жеңімпазы республикалық додада Алматы облысының намысын қорғап, Тәуелсіздік күніне орай  «Мың бала»  мәдени-ағартушылық жобасы бойынша Астанада өтетін салтанатты іс-шараға қонақ ретінде қатысатын болады.   

Кейін қарай