Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Қараша, 2016

912

«25 жыл - 25 игі іс» акциясы

Бүгін Тараз қаласындағы жатақханалардың бірінде төрайым Мухаббат Турдыеваның бастамасымен Махмут Қашқари атындағы ұйғұр этномәдени бірлестігінің өкілдері қайырымдылық іс-шара өткізді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында жасалған бұл акция «25 жыл – 25 игі іс-шара» деп аталады.

Іс-шараға ҚХА, Аналар мен ақсақалдар кеңесі, ұйғыр этномәдени бірлестігінің мүшелері, аудан тұрғындары мен жастар ұйымдары, БАҚ қатысты.

Махмут Қашқари атындағы ұйғұр этномәдени бірлестігінің төрайымы Мухаббат Тұрдыева жиналғандарға осы қайырымдылық акцияның басты мақсаты мен міндеттері туралы айтып берді. «Біз бірлігі жарасқан көпұлтты мемлекетте тұрамыз. Барлық қазақстандықтар халықтар достығын ерекше құрмет тұтады. Біздің ортақ мақсамыз бар. Ол  Отанымыздың көркеюту, дамуына үлес қосу. Қазақстан халқының бірлігі, келісімі мен тұрақтылығы, толеранттылығы – біздің байлығымыз. Біз, Қазақстан халқы, әрдайым бір-бірімізге қол ұшын созып, қолдау көрсетуіміз керек», - деді ол.

Қайырымдылық шара барысында әлеуметтік деңгейі төмен және көпбалұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. «Мұндай игі істер ұйымдастырылып жатқаны қуантарлық жағдай. Іс-шара ұйымдастырушыларына біздің отбасыларымызға мейірімділік пен қайрымдылық танытып жатқаны үшін аналық жүрегіммен үлкен алғыс білдіремін», - деп ағынан жарылды көпбалалы ана Қымбат.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім»

КММ баспасөз-қызметі.

Кейін қарай