Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Наурыз, 2024

44

Ақмола облысы ҚХА-ның «Тұлғатану» бірегей жобасының тұсаукесері өттіІ

Жыл басының бастауы Амал мерекесінің қарсаңында Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «ТҰЛҒАТАНУ» жобасын іске асыру шеңберінде қазақ ақыны, әнші-композитор - Ақан сері Қорамсаұлының шығармашылығына арналған кеш өтті.

Іс-шараны Көкшетау қаласының әдебиет және өнер музейімен бірлесіп «Видергебурт» Ақмола облыстық немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Кеш барысында жастар Ақан серінің өмірбаяны мен сан қырлы өнері туралы мол мағлұмат алып, әндерін тыңдады.


Аталмыш жоба жастарды қазақ мәдениетіне, ғылымына, өнер мен әдебиет қайраткерлері туралы танымдық іс-шараларға белсенді тартуға, қазақстандық патриотизмді насихаттауға, Қазақстан этностарын жақындастыруына және қазақ халқының мәдени мұрасын танымал етуге бағытталған.

Кейін қарай