Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Тамыз, 2016

613

«Ақ орамал» акциясы шеңберіндегі кездесу

«Ақ орамал» республикалық акциясы шеңберінде Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің өкілдері Павлодар шекара сақшыларының №2033 әскери бөлім жасағына барды.

«Дөңгелек үстел» барысында акцияның мақсаты, іс-шараның идеологиялық маңызы туралы айтылды. Этномәдени бірлестіктердің төрайымдары Т.И.Кузина, М.А.Байрамкулова Аналар кеңесі атынан біздің балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы туралы өздерінің үрейлері мен үміттерін айтты. Әскери қызметшілер тарапынан елдің барша азаматтарын олардың этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан бейбітшілік идеясы аясында шоғырландыру мақсаты толық қолдау тапты.

Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Б.Ш.Максилова сержант Мақсат Асылхановтың жұбайы, жас көпбалалы ана Ақеркеге адамның ойы пәктігінің, аналық пен адамзат өмірінің негізгі белгісі ретінде ақ орамал табыс етті.

А.А.Орымбаева, ЭМБ жұмыстары бойынша бөлім басшысы

Мәтінді аударған – Н.Х.Смағұлова

Кейін қарай