Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Тамыз, 2016

878

«АҚ ОРАМАЛ – БЕЙБІТ БОЛАШАҚТЫҢ БЕЛГІСІ»

Биыл наурыз айында Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV Халықаралық саммитте  Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы  Н.Ә.Назарбаев «Әлем. XXI ғасыр» манифесін жариялады.

Осы бағдарламалық құжатты қолдау мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ақ орамал» республикалық акциясын өткізуге бастама жасады.

«Ақ орамал» акциясының мақсаты - барлық қазақстандықтарды бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру.

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының ұйымдастыруымен тамыз айы бойы барлық аудандарда, елді мекендерде түрлі форматта іс-шаралар өткізілді.

«Ақ орамал» республикалық акциясының қорытынды іс-шарасы 29 тамызда республика бойынша бір мезгілде өткізілді.

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының және «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Достық үйінің алаңында «Ақ орамал – бейбіт болашақтың белгісі» атты мерекелікіс- шара болып өтті.

Іс-шараға этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен мүшелері, ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, Сырдария ауданының әжелер ансамбльдері, ұстаздар, «Атамекен» балалар ауылының тәрбиешілері мен балалары қатысты.

Мерекелік іс-шарада құттықтау сөз сөйлеген облыстық ассамблея хатшылығының бас инспекторы  А.Сағымбай: «Ақ орамал ұғымы қазақ тарихында адалдықтың, пәктік пен тазалықтың, ақ ниет пен ізгіліктің, сондай-ақ, бітімгершіліктің символы ретінде зор мәнге ие. Салтымызда «Ақ орамал» ел мен елді біріктіріп, ер мен ерді татуластырған. Осындай ізгі дәстүрімізді оралту арқылы қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жолында әр азаматтың жауапкершілігін арттыру маңызды», - деді өз сөзінде.

«Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Р.Ахметова, облыстық ассамблеяның Аналар кеңесінің төрайымы Р.Смаханова ақ тілектерін жеткізсе, Батыр Ана, педагогика ғылымдарының докторы, ақын Р.Наурызбаева жыр шумақтарымен  елді бейбітшілікке шақырды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің Үндеуі оқылды.

«Ал-диас» балабақшасының бүлдіршіндері «Әрқашан күн сөнбесін!» музыкалық-әдеби композициясын орындап, қатысушылардың құрмет-ықыласына бөленді.

Іс-шараға қатысушылардың ізгі тілектері жазылған парақтар ақ қалташаларға салынып, шарларға байланып, аспанға ұшырылды.

Кейін қарай