
01 Тамыз, 2016
847
Ақпарат
Елбасының «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 86 қадамында көрсетілген Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады. Бұл жұмыстар Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын (ішкі туризмді дамытуды қоса есептегенде) және «Астана-Еуразия жүрегі», «Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту» сияқты өңірлік мәдени – туристік кластерлерін құруды жүзеге асырумен байланыстырылады. Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» ұйымдастыруымен тарихы тереңге жайылған «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту» және мәдени, тарихи құндылықтарды одан әрі дамытып, сақтауға ықпал ету, көрші елдермен ынтымақтастықты нығайту мақсатында халықаралық «Ұлы Жібек жолы бойындағы сұхбат» тарихи-мәдени жобасы бойынша Кербұлақ, Талдықорған, Сарқан, Алакөл аудандарында Қоғамдық келісім кеңестері мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды.
25 шілде күні Кербұлақ ауданында Ш. Уалиханов атындағы «Алтын-Емел» мемориалдық музейіне барып, Шанханай ауылдық округінде Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өткізілді. Талдықорған қаласындағы М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану, І.Жансүгіровтың әдеби музейлеріне саяхат жасалды. Аталған іс-шараға елімізге белгілі ғалымдар мен жазушылар, аудандық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары мен мүшелері, тарихи өлкетану музейлерінің басшылары, Алматы облыстық ҚХА хатшылығының және «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері қатысты.
26-28 шілде күндері Сарқан ауданы, Сарқан қаласында аудан әкімі Е.Қошанбеков және Алакөл ауданы, Үшарал қаласының әкімшілігінде аудан әкімінің орынбасары А. Абдинов және Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, учаскелік полиция, дін, жастар ресурстық орталығының, қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері, Аналар кенесінің төрайымдарының қатысуымен «Ұлы Жібек жолы бойындағы сұхбат» жобасы бойынша кездесу өтті. «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Т. Қасымберкебаев жобаның мақсат, міндетімен таныстырды. Жобаның авторы, Республикалық түрікмен этномәдени бірлестігінің төрайымы, философия ғылымдарының докторы Аннакулиева Гульнар Атаевна оның тарихи маңыздылығы жайында сөз етті. Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы С.Сұрабалдинова, Сарқан ауданының аналар кеңесінің төрайымы К.Мырзабайқызы, «Ақсу өңірі» газетінің редакторы Н. Мұхамедәлі, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі З. Иванова, аудандық ішкі істер ардагерлер кеңесінің мүшесі Ә.Темірбаев баяндама жасап, аудандардағы Қоғамдық келісім кеңестері, жұмыс схемалары мен жоспарлары талқыланды, халық көкейіндегі әлеуметтік маңызды сұрақтарға жауаптар берілді. БҰҰ мәдени мұралар тізіміне енгізілген «Қойлық» археологиялық кешеніне экскурсия ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, «Татулық пен жасампаздықтың 25 жылы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Онда Т. Қасымберкебаев, Гульнар Аннакулиева, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы С.Алханқызы әлемдік деңгейде дамып, өркендеп жатқанымызды баяндаса, Қапшағай аудандық ақсақалдар төрағасы Б.Амангелді, М. Тынышпаев атындағы тарихи- өлкетану мұражайынының қызметкері Р. Бержанова, Қарасай ауданы 1-май ауылдық округінің Қоғамдық келісім кеңесінің хатшысы З.Омарқұлова, Қаратал ауданынан Н.Нұрланұлы, Пафиловтан Ж. Чандабаева, Күрд этномәдени бірлестігінің төрағасы А. Сулейманович және дін істері басқармасынан О.Тұрсынбай өз пікірлері мен ұсыныстарын айтып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» жобасы басталды
-
Мәдениет және ақпарат министрлігінде ҚХА жастары жобаларын қолдау мәселелері талқыланды
-
ҚХА төрағасының орынбасары бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
-
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ АЛМАТЫ Қ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ЖАСТАР ТЕАТР ФОРУМЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
-
Шиповских Геннадий ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» жобасы басталды
-
Мәдениет және ақпарат министрлігінде ҚХА жастары жобаларын қолдау мәселелері талқыланды
-
ҚХА төрағасының орынбасары бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
-
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ АЛМАТЫ Қ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ЖАСТАР ТЕАТР ФОРУМЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
-
Шиповских Геннадий ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды