Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Шілде, 2023

292

Ақпараттық-профилактикалық жұмыс бойынша әдістемелік семинар өтті

2023 жылғы 28 шілдеде Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының ұйымдастырумен аудандық және ауылдық округ әкімдіктеріне арналған ақпараттық-профилактикалық жұмыс бойынша әдістемелік семинарға «Қоғамдық келісім» РММ қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында «Қоғамдық келісім» РММ Республикалық Достық үйінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы Г.Біләлова «Аудандық мен ауылдық әкімдіктерімен Қазақстан халқы Ассамблеясының кешенді жұмысы» тақырыбына тренинг өткізді.


Сонымен қатар, «Қоғамдық келісім» РММ Ақпараттық жұмыс және жұртшылықпен байланыс басқармасының жетеқші сарапшысы А.Атамуратова «Қоғамдық келісімді нығайту саласын ақпараттық қамту ерекшеліктері» тақырыбына тренинг жүргізді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметкерлері, аудандық, ауылдық округ әкімдіктерінің өкілдері, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі, ҚХА кафедраларының қауымдастығының мүшелері, сарапшылар қауымдастығы қатысты.

Кейін қарай