Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Қыркүйек, 2021

431

Ақтөбеде өткен семинарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері көтерілді

Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен ZOOM-платформасында семинар өтті.

Семинарға Облыстық ішкі саясат басқармасы, Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі, «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы және сарапшы-мамандары, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері (болгар, орыс, дағыстан, шешен, еврей, кәріс, грек, әзірбайжан, өзбек, неміс, сыған, украин, татар, армян, поляк, ұйғыр этностары) қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез - келген көрінісі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Облыстық ішкі саясат басқармасы, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Қорғанбаева Маржан Нағашыбекқызы алғы сөз алып, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары - Джакипбеков Асхат Саттарханұлы мен «ВЯРА» Ақтөбе облысы болгар этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Подольянова Анастасия Михайловнаның баяндамалары тыңдалды.

- Барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдігі, мемлекеттік органдардың қызметін анық құқықтық регламенттеуді, мұндай қызметтің заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік және құқықтық қорғауды мемлекеттің қамтамасыз етуі керек» - деді, баяндама барысында Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Джакипбеков Асхат Саттарханұлы.

Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Қорғанбаева Маржан Нағашыбекқызы қатысушылардың пікірлері мен тиімді қойылған сұрақтарына, қозғалып отырған тақырыпқа белсенді атсалысқаны үшін семинарға қатысушыларға алғысын білдірді.


Кейін қарай