15 Наурыз, 2019
728834
Ақтауда Ұлы даланың жас көшбасшылары құрбыларына лекция оқыды
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында Елбасының жариялаған Жастар жылы және Ұлы даланың жеті қыры бағдарламалық мақаласының аясында «Ұлы даланың жас көшбасшылары» тақырыбындағы лекториум өтті.
Аталған лекториумды бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру барысында Маңғыстау облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы «Жаңғыру жолы» өңірлік штабы ұйымдастырды.
Лекторийдын жұмысына Маңғыстау облысы әкімнің орынбасары Руслан Сакеев, республикалық жастар қозғалысын «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының Республика бойынша төрағасының орынбасары, «Жарасым» жастар ұйымының төрағасы Тимур Джумурбаев, сонымен қатар «Жаңа толқын 100+» жобаларының Start Up конкурсының жеңімпазы, «Равная дорога» жобасының авторы, солтүстік Қазақстан облысы «Қоғамдық келісім» КММ бас жетекші сарапшысы Салимхан Сабитов, «Бекен» жас көшбасшылар достастығының директоры, Маңғыстау облысы әкімі жанындағы жастар ісі кеңесінің мүшесі Мұқаш Бекенұлы, Ақтөбе, Атырау, Орал қалаларынан келген «Жаңғыру жолының» жастары, жас мамандар, кәсіпкерлер, «Жас Отан» мүшелері, жас әскерилер, спортшылар, стартапшылар, студенттер және өңірдіңн этномәдениет өкілдері қатысты.
Лекторийдын мақсаты – жастарды Маңғыстаудың жеті қырымен таныстыра отырып, облыстың киелі тарихи жерлеріне саяхат жасап, рухани сырын ұғындыру, өлкеде жастар туризімінің қалыптасуына өз септігін тигізу.
Бұдан кейін, лекториумға келген конақтар мен қатысушылар Маңғыстаудың биік шоқысы – Отпан тауға аттанды.
Қазақ үшін қастерлі саналатын Қарашаңырақ бой көтерген Отпан тауда жыл сайын Амал мерекесін қарсы алу – жылдан жылға келе жатқан әдемі дәстүр.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қарағандыда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтті
-
ҚХА Аналар кеңесінің «Салауатты сана» атты жобасы таныстырылды
-
ҚХА төрағасының орынбасары бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
-
Қоғамдық келісімді нығайтудағы этномедиация институтының рөлі» тақырыбында сараптамалық кездесу өтті
-
Елордада қалалық ҚХА XXII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары 24KZ телеарнасының ұжымымен кездесті
27 Маусым, 10:03
Елордада қалалық ҚХА XXII сессиясы өтті
24 Маусым, 11:23
Елорда күніне орай Астанада «Біргеміз» атты ән-би фестивалі өтті
25 Маусым, 22:24
«Этносаралық қатынастарда жанжалдар туындауының проблемалық мәселелері және олардың алдын алу» тақырыбында көшпелі отырыс өтті
27 Маусым, 18:12
Ассамблея тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетуді жалғастыруда
27 Маусым, 16:32