
15 Наурыз, 2017
794
АҚТАУДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ БАСТАУ АЛДЫ
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Қазақстан өңірлерінде жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру» тақырыбына үш күндік өңірлік семинар-тренинг өз жұмысын бастады.
Семинар-тренингтің шымылдығын Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрғазиева Бану Ғаниқызы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, ол семинар-тренингте берілетін ақпараттардың заманауи қоғамда негізгі құрал болып табылатынын атап өтті.
Семинар-тренинг Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен өтуде.
Дәрістер мен тренингтерді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Президентінің жанындағы
«Қоғамдық келісім» РММ, ҚХА кафедраларының өкілдері, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері және Мемлекеттік басқару академиясының профессор-оқытушылар құрамы жүргізеді.
Тыңдаушылар ретінде Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметшілері, облыстық ҚХА хатшылықтарының меңгерушілері мен мамандары, дін істері, тілдерді дамыту басқармаларының, өңірлік «Қоғамдық келісім» мекемелерінің мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің өкілдері шақырылды.
Өңірлік семинар-тренинг барысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауы аясында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың жаңа міндеттері түсіндірілетін болады.
Семинар-тренинг бағдарламасында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жалпыұлттық бірлік пен бірегейлікті нығайту саласында жүзеге асырылуы бойынша тәжірибе алмасу қарастырылған. Қоғамдық қатынастардағы діни көзқарастар қарастырылып, деструктивті діни ағымдарға қарсы іс-қимыл әдістері анықталатын болады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары және сайлау өткізу тәжірибесінде олардың іске асырылуы түсіндіріледі. Еңбек саласындағы этносаралық қатынастарды реттеу әдістеріне шолу және Жаңғыру 3.0. контекстінде Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа үлгісіне талдау жасалады. Фокус-топтар мен пікірталас алаңы форматында Қазақстанның батыс облыстарында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері талқыланатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
7 Шілде, 21:16
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар